ҚАСИЕТТІ БАРААТ КЕШІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ҚАСИЕТТІ БАРААТ КЕШІ

| A | +

Шағбан айында ерекше орны бар бір түн бар – ол Бараат түні, яғни «Оттан құтылу түні» деп аталады. Бұл түн Шағбан айының 14-нен 15-не қараған түні. Бұл, биыл  наурыз айының 17-нен 18–не қараған түне сәйкес келіп отыр. Осы түні жер бетіне Алланың ерекше бір мейірімінің түсетіндігі жөнінде хадистер бар.

Айша анамыз (р.а.) былай айтқан:

«Бірде Алла Елшісі (ﷺ) тәһәжжуд намазында сәждеде ұзақ жатып қалады. Сәждеде ұзақ жатқаны сондай, бақилық болып кетті ме деп қорқып кеттім. Төсектен тұрып, тірі екеніне көз жеткізгім келіп, қолының бас бармағын қозғап көрдім. Бармағы қозғалғанда, қайтадан келіп, орныма жаттым. Содан кейін Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына бір дұғаны айтқанын естідім:

«Сенің жазаңнан Сенің кешіріміңе сүйенемін, Сенің ашуыңнан Сенің разылығыңа сенемін, Сенің Өзіңнен Сенен пана іздеймін. Сені лайықты түрде дәріптей алмаймын. Сен – Өзің жайыңда Өзің айтқансың».

Намазын оқып болған соң: «Әй, Айша, Пайғамбар сені тастап кетті деп ойлап қалдың ба?» - деп сұрады. Мен: «Жоқ, уа, Алла Елшісі, бірақ сәждеде сондай ұзақ жаттыңыз ғой, жаныңыз сізді тастап кетті ме деп қорқып кеттім», - деп жауап бердім.

«Бұл түннің не түн екенін білесің бе?» - деп сұрады Пайғамбарымыз (ﷺ). Мен: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», - деп жауап бердім. Сонда ол (ﷺ) былай деп айтты:

«Бұл Шағбан айының ортасындағы түн. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді, бірақ жаман пиғылдары барды мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да» (Таргиб уа т-тархиб).

Абдулла ибн Амр (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Алла Тағала осы түні күллі жаратқандарын мейіріміне бөлейді әрі бәрін кешіреді, тек жүрегінде ашу-ызасы барларды емес» (Таргиб уат-тархиб).

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Бұл түн Шағбан айының ортасы. Алла Тағала Тозақ отынан Қалб тайпасының қойларының жүнінен де көп шамадағы адамдарды босатады. Алайда Аллаға серік қосушыға және өзге адамға деген жүрегінде ашу-ызасы бар адамға, сондай-ақ, туыстық қарым-қатынасты үзуші мен тәкаппарлыққа салынып, етегін тобығынан түсіріп киген адамға әрі ата-анасына қарсы шығушы мен шарап ішетін адамға назарын да салмайды». Қалб тайпасы – көп қой өсірумен белгілі болған тайпа болғандықтан, аталмыш хадисте осы түні, Алланың қалауымен, көптеген адамдардың  Алланың кешірімі мен рақымына ие болатыны айтылған.

Ендеше, жоғарыда келтірілген хадистерде осы түні Алла Тағала Өзінің жаратқандарына ерекше мейірімді болады, кімде-кім Алладан кешірім сұраса, Ол кешірім береді. Сол себепті де әрбір мұсылман бұл түнді бағалай білуі керек. Хадистерде айтылғандай, бұл түні мүміннің жүрегінде өзге адамдарға деген ашу-ызасы болмауы қажет, өзгелерді кешіріп, оларға жақсылық тілеуі тиіс.

Осы түннің берекесіне қол жеткізу үшін, түннің нақты бір бөлігін Алла разылығы үшін жасалатын құлшылыққа арнаған жөн.

Бұл түнде жасалынатын амалдар

Бәрат түнін дұрыс қарсы алу үшін, бұл түнді ұйқысыз және құлшылықпен өткізгені абзал. Алайда кімнің бұған шамасы жетпесе, ол адам осы түннің кез келген бөлігін құлшылыққа арнай алады. Сахабалар, табиғиндер және одан кейінгі ғасырда өткен ғалымдар бұл түнді ұлықтаған және оған ерекше дайындық көрген. Бұл қасиетті түннің шарапатына бөленгісі келген пенде, құлшылыққа түннің екінші бөлігін арнап, мына ғибадат түрлерін атқарса болады:

- Намаз. Намаз – осы түнде атқарылатын ең абзал құлшылықтың бірі. Сондай- ақ әр намаздағы рукуғ, қиям, сәджеде ұзағырақ болғаны абзал. Намазда Құраннан ұзақ аяттар оқылғаны жақсы. Егер кімде-кім ұзақ сүрелерді есіне түсіре алмайтын болса, бір ракағатта қысқа бір сүрені бірнеше рет қайталауына да болады.

- Тиләуәт. Қасиетті Құранды оқу – осы түні атқарылатын пайдалы құлшылықтың түріне жатады. Намаз оқып болған соң я болмаса басқа уақытта шамаңыз жеткенше Құран оқыңыз.

- Зікір. Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту. Сондай-ақ зікірді жүріп бара жатқанда, төсекте жатып және де жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта да оқуға да болады.

- Дұға. Бұл түні бізге көп пайда әкелетін ғибадаттың бірі. Осы түні Алла Тағала дұғамызды қабыл етеді деген үміт бар. Дұға – ғибадат. Алла Тағала жасаған әрбір дұға үшін сұраушының мұқтаждығын өтеп қана қоймай, сауап та жазады. Тіпті сұраған нәрсесі қол жетімсіз болса да, ол адам жасаған дұғасы үшін сауаптан құр қалмайды. Сонымен қатар дұға барлық ғибадаттың өзегі болып табылатын Алла мен адамның байланысын арттырады. Адам  баласы қалағанынша, кез келген түрде дұға ете алады, алайда ең жақсы дұға – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғалары. Бұл дұғалар шебер сөздерімен пенденің бұл өмірдегі әрі ақыреттегі барлық мұқтаждығын қамтиды. Расында да Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы соншалықты терең мағыналы, тіпті пенденің оған баға беруге шамасы жетпейді.

Жоғарыда айтып өткен құлшылықтарды белгілі себептерге байланысты атқара алмаған адамдар болса (ауру, әлсіздік немесе шұғыл тірлігі бар болса), ол кісілерге осы берекелі түннің сауабынан құр қалмас үшін төмендегі амалдарды орындауды ұсынамыз:

1. Ақшам, құптан және таң намаздарын мешітте, егер сырқат болып, шамасы жетпесе үйінде оқысын.

2.Үнемі зікір айту, әсіресе салауат. Кез келген халде, адам ұйықыға кетпейінше зікірде болуы тиіс.

3. Алладан кешірім тілеу. Мұны төсекте жатып та сұрауға болады.

4. Мүмкіндік болса, Шағбан айының он бесінші күні ораза тұту.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді» (Ибн Мажә). Бұл күні ораза тұту – мұстахаб.

Бұл қасиетті түнде орындаған барша құлшылық ғибадаттарымызды, дұға – тілектерімізді Алла қабыл еткей. Барша күнәмізден тазартып, Рамазан айына аман-есен жеткізгей! Әмин!

 

Садиев Амантай,

Алатау ауданы, «Бекет ата» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
БАУЫРЫҢ ҚАТЕЛЕССЕ, КЕШІРЕ БІЛ... КЕШІРІМ ҺӘМ ТАЗАРУ ТҮНІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі КЕШІРІМ ҺӘМ ТАЗАРУ ТҮНІ
Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. 
Ислам күнтізбесі МИҒРАЖ КЕШІНІҢ КЕРЕМЕТТЕРІ
Миғраж – әз пайғамбардың басынан өткерген ғажайып оқиға. Алла Тағаланың ең таңдаулы пайғамбарына көрсеткен теңдессіз мұғжизасы. Сонымен бірге, Мұхаммади үмбетке миғраждан алар көптеген ғибрат тағы бар. Исра – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден Құдысқа жасаған түнгі сапары. Екі қала арасы қырық күнді...
Ислам күнтізбесі ЕРЕЖЕП – БЕРЕКЕЛІ ҺӘМ ҰЛЫҚ АЙ
Ережеп (Ражаб) – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді....
Ислам күнтізбесі 2022 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен 2022 жылғы діни күндер кестесі.
Ислам күнтізбесі Мұхаррам – мұсылман жыл санауының алғашқы айы
Мұсылман күнтізбесі бойынша 1442 жылдың зұл-хижжә айы аяқталып, 1443 жылдың мұхаррам айы басталады. Мұхаррам – мұсылман жыл санауының алғашқы айы.
Ислам күнтізбесі Тақуалыққа тәрбиелейтін ай
Қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда барынша ізгі амал жасап қалуға тырысуымыз керек.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 02:36

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi