Қайрат Құрманбаев: Елін ойламағанның — ерлігі зая, ертеңін ойламағанның — тірлігі зая!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Қайрат Құрманбаев: Елін ойламағанның — ерлігі зая, ертеңін ойламағанның — тірлігі зая!

| A | +

Періштелердің: «Онда (Жер бетінде) бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың ба?..»(Бақара сүресі, 30)- деп, Жаратқанға шағымдануы бекер емес секілді...  Әрине, адамды Алла қан төксін, бұзсын, бүлдірсін деп жаратпаған. Адам жаратылғанда оған құрмет ретінде періштелерге тағзым еткізіп, барлық нәрсенің атауын үйретіп, мақсатын да айқындап берген. Ол қандай мақсат еді? Ол ‒ жер бетінде өсіп-өніп, өркендеп, дамып, дамытып, өркениет қалыптастыруымыз.

Ал бұзу мен бүлдіру, қан төгу көбіне өзіңе өлшеніп берілген ризығыңа разы болмаудан туады. Асылында, жердің асты-үсті қанша бай болғанмен, ол бағыңа байланбаса, пешенең онымен майланбаса, бәрібір бұйырмайды. Өйткені «Алла ризығын қалағанына үйіп-төгіп береді, қалағанына өлшеп береді» (Зүмәр, 52). Сондай-ақ адамдар, басшың мейлі қосшың болсын, қанша әділетсіз болды дегенмен, Алла әділетсіз емес. Әрекеті барға Алланың берер берекеті бар, ол таусылмайды. Ал «Еңбек етпесең, елге өкпелеме. Егін екпесең, жерге өкпелеме»... Бәріне қол жеткізуге болады, бейбітшілік болса. Отыз жыл өз қолыңмен тұрғызып, көктеткен бәйтерегіңді шауып тастай салу отыз сағаттық іс делік. Бірақ, тыныштықты бақ деп білу ‒ адамдық асыл қасиет. Ибраһим (а.с.) пайғамбардың Құранда екі жерде келетін дұғасы бар: «Раббым! Бұл мекенді бейбіт ет әрі оның Аллаға және Ақырет күніне сенген тұрғындарын жемістермен ризықтандыр» (Бақара, 126); «Раббым! Бұл мекенді қауіпсіз ет! Мені де, ұрпағымды да пұттарға табынудан аулақ қыл» (Ибраһим, 35), ‒ делінетін.

Ең үлкен, ең қауіпті күнә саналатын пұтқа табынудан алдын әрі адам өмірі үшін ең маңызды саналған ризықтан да бұрын мекеннің бейбіт, қауіпсіз болуын тілеуі ‒ тыныштықтың ұлы маңызын білдіреді. Себебі, тыныштық болса, күнәңнан қайтуға мұрсат бар, түзеліп, бәрін түзетуге, иманға келіп, ізгілікті жаюға, өсіп-өркендеп, дамуға мүмкіндік бар. Ал, бүлінген, бұзылған мекенде болашақ болмайды. Осы үшін де Құран бізге: «Бүлдірмеңдер!»; «Бұзушы болмаңдар!»; «Бүлік шығармаңдар!» деген бұйрықты көп ескертеді. Бір адамды өлтірдің, бүлікке себепші болдың ‒ бүкіл адамды өлтіргенмен тең күнәға қалдың деген сөз. Себебі, сол бір адам ‒ бір отанның бөлшегі, бір отбасының тірегі, ата-анасының өмірінің мәні еді. Ал Алла адал етпеген мүлікті меншіктеп, от ішінде олжа теру ‒ өзің көксеп, төбеден талап етіп шыққан әділдікке өзің сай болмай тұрғаныңның көрсеткіші емес пе? Елірдің, бүлдірдің, бүлінгеннен бүлдіргі алдың, бұл ‒ «елін ойламағанның ‒ ерлігі зая, ертеңін ойламағанның ‒ тірлігі зая» кеткені. Жүрек тыныштығын, бас амандығын аңсап өткен, жарлы болса да арлы болған, қанағатты ‒ түгесімейтін қазына деп білген қазақтың ұрпағы тек дүние мен байлықты құндылық көріп, өз құнын төмендетпеуі тиіс. Дүниені белден басу ‒ бақыт емес. Бақытты терден іздеу керек. Азға қанағат қылып, барға шүкірлік етпегеннің, мол нығмет берілсе де шүкіршілік етпейтіні, кімнің адамға рақметі болмаса, Аллаға да алғыс білдірмейтіні хадисте бекер айтылмайды.

Кінәмшіл, өкпешіл, талапшыл болу ‒ өсіретін жол емес. Ұстамдылық танытып, әр істің артын күтуді, сабыр етуді, ақылмен іс қылуды үйреніп, жастарды да соған үйретуіміз керек. Асылында, дүниелік дағдарыстан емес, рухани аштықтың себебінен елді арандатып және арандап қалып жатырмыз. Бір ойшыл: «Кез-келген мемлекеттің түбіне жететін нәрсе ‒ қаржы дағдарысы емес, рухани құндылықтардың дағдарысы», ‒ деген екен.

Ұйқыдағы арыстан секілді жатқан бүлікті ояту ‒ ел бірлігіне, бейбіт өмірге орны толмас шығын, кесір, кесапат алып келетіндігі үшін тыйым салынған. Осы үшін де Аллаһ елшісі (с.а.с) күнәға бұйырған жағдайдан басқасының барлығында басшыға бағынуды қаттаң ескерткен. Мылтықтың үні мен бүліктің түтінінен терезеге үңілуден қорқып қалған халықтың үрейі басылар, бірақ баласынан айрылып боталаған, боздаған аналар мен балалардың қайғысын кім баса алады енді..? Алла ел-жерімізді барлық бүлік пен дұшпаннан, қауіп-қатерден, қайғы мен қасіреттен аман сақтап, тыныштығымыздан Қияметке дейін айырмағай. Президентіміздің қолдаушысы, тілекшісі болайық, ағайын! Қазақтың қазақтан басқа жанашыры, Қазақстаннан басқа панасы жоҚ.

Қайрат Құрманбаев

PhD докторы,

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетітінң проректоры

Источник: https://nurgasyr.kz/p/ajrat-rmanbaev-elin-ojlamaanny-erligi-zaya-erte-ojlamaanny-tirligi-zaya

Предыдущий Следующий
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚУ КЕРЕК? ТҮРМЕДЕ БЕРІЛГЕН ИЖАЗА

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ТҮРМЕДЕ БЕРІЛГЕН ИЖАЗА
Жеке архивімде көптен сақталып келе жатқан осы бір сырлы ижазаны оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Бұл ғұлама Әбу Насыр Мүбашшир ат-Таразидің (1896-1977) ұлы Насрулла ат-Таразиге (1922-2002) берген ижазасы....
Қоғам «...ҚАШПАҢДАР ҚАРА БОЯУДАН!»
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Қап-қара, ғажап, сиқырлы, Қашпаңдар қара бояудан! Қандырып уыз-ұйқымды, Қап-қара түннен оянғам» деп жырлаған болатын. Шынында, қазақ үшін қара сөзінің де қасиеті бар. Себебі қара түстің астарында үлкен таным жатыр....
Қоғам САЛЫНҒАЛЫ ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ САТУ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?
Қазіргі таңда көптеген тұрғын үйлер құрылыс картасы арқылы сатылуда. Бұл картада құрылыс нысанының сипаты, орныжәне т.б. баяндалады. Сатып алушы құрылыс басталмай жатып пәтердің құнын қалай төлейтініне алдын-ала келісім жасайды.Бұл келісімшартта екі тарапқа да үлкен жеңілдік бар....
Қоғам ШЕРУГЕ ШЫҒУДЫҢ ҮКІМІ
Әр азамат өз ойы мен ұсынысын тиісті мекемелерге жеткізуге құқылы. Кез келген мәселені шешудің шариғат пен заңда көрсетілген жолдары, тетіктері бар.
Қоғам ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫҢ...
Бабалар білектің күші, найзаның ұшымен қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманаттаған Отанымыз – Тәуелсіздіктің отызыншы таңын да аттырды. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен ел бірлігі мен ынтымағы үшін көптеген игі шаралар атқарылды. Халықтың әлеуметтік жағдайы оң өзгеріс алып,  рухани ...
Қоғам ЕЛІМІЗДЕ ТИЫМ САЛЫНҒАН ӨЗБЕКСТАН ИСЛАМ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Орта Азияда сыртқы күштер тарапынан құрылған алғашқы радикалды саяси топтар (Өзбекстанда «Әдолат», «Ислам лашкарлари», Тәжікстанда «Ислам ренесанс партиясы») 1990 жылдардың басында пайда бола бастады. Бұл топтар алғашқыда Өзбекстан кейіннен Тәжікстанға әсер еткен исламилану процесіне қатысты....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 00:13

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi