Құран жайлы 40 хадис: 10-ХАДИС
Оныншы хадис
أَبُو أُمَامَةَ الْبَاهِلِيُّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: "اقْرَءُوا الْقُرْآنَ فَإِنَّهُ يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيْعًا لِأَصْحَابِهِ، اقْرَءُوا الزَّهْرَاوَيْنِ: الْبَقَرَةَ وَسُورَةَ آلِ عِمْرَانَ، فَإِنَّهُمَا تَأْتِيَانِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَنَّهُمَا غَمَامَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا غَيَايَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا فِرْقَانِ مِنْ طَيْرٍ صَوَافَّ تُحَاجَّانِ عَنْ أَصْحَابِهِمَا. اقْرَءُوا سُورَةَ الْبَقَرَةِ، فَإِنَّ أَخْذَهَا بَرَكَةٌ، وَتَرْكَهَا حَسْرَةٌ، وَلَا تَسْتَطِيعُهَا الْبَطَلَةُ. قَالَ مُعَاوِيَةُ: بَلَغَنِي أَنَّ الْبَطَلَةَ السَّحَرَةُ (رواه مسلم).
Әбу Умама әл-Баһили (р.а.): «Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Құранды оқыңдар. Өйткені Құран Қиямет күні өзін оқыған адамдарға шапағатшы болып келеді. Құранның екі гүлі «Бақара» мен «Әли Имран» сүрелерін оқыңдар. Ақиқатында, Қиямет күні ол екеуі құдды бір екі бұлт сияқты немесе қалқалаған екі көлеңке сияқты не қанатын жайған екі топ құс сияқты келіп, өздерін оқып, оған амал жасаған адамдарды қорғайды. «Бақара» сүресін оқыңдар. Расында, бұл сүрені оқу берекет әкеледі. Ал оны оқымай ескерусіз қалдыру берекені қашырады. «Бақара» сүресіне жалғанға жақтасқан адамдардың қауқары жетпейді», – деп айтқанын естідім», – деген. Мұғауия: «Маған жеткен дерек бойынша «жалғанға жақтасқан адамдар» сөзі «сиқыршылар» деген мағынада айтылған», – деген (Муслим)[1].
[1] «Сахих Муслим», «Жолаушылардың намазы және намазды қысқартып оқу» бөлімі, «Құран оқудың және «Бақара» сүресінің артықшылығы», (804). «Муснад имам Ахмад», «Ансарлардың муснады», «Әбу Умама әл-Баһилидің хадисі», (22193).
Хадистің мағынасы: Қиямет күні Құран Алла Тағала қалаған бір кейіпке еніп, өзін оқыған адамға көрінеді. Сөйтіп, Құран өзін күні-түні оқып, амал жасаған адамға шапағат етеді.
Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)
Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.