Рамазандағы абзал амалдар қайсы?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 14:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Рамазандағы абзал амалдар қайсы?

| A | +

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазан оразасын иманмен және сауабын үміт етіп тұтатын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі»,[1] –  деген. Сондай-ақ, рамазан айында ауыз бекітіп, ораза тұтумен қатар ізгі амалдарды көптеп істеген абзал. Өйткені, қасиетті рамазан айында атқарылған әр амалдың сауабы еселеніп беріледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және сахабалардың (р.а.) өмірінен үлгі алып, ерекше ден қойып жасаған құлшылық ғибадаттарын атқаруға ұмтылуымыз қажет. Олар:

 

Түнгі намаз

 

Құран Кәрімде: «Түндерін Раббыларына (намазда) сәжде жасап және тік тұрып (қиямда) өткізетіндер»,[2] – деп әмір еткендей, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазанды иманмен және сауабын үміт етіп түнде намаз оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»,[3] – деп өсиет еткен.

Түнде құлшылық ету – Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және сахабалардың салт-дәстүрі. Айша анамыз (р.а.): «Түнгі құлшылықты (намазды) тастама. Өйткені, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ешуақытта оны тастамаған. Ол кісі ауырып немесе шаршап тұрса, отырып оқитын», – деген екен.

Омар бин Хаттаб (р.а.) түн ортасына дейін намаз оқитын, сосын отбасын намазға шақырып: «Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол...»[4] аятын оқып оятатын. Ал, ұлы Абдулла болса: «Әлде түннің бір уақытында сәжде ете тік тұрып (намаз оқып), ақыреттен сақтана және Раббысының мейірімін үміт ете берілуші ме?...»[5] – аятын оқитын болған.

Әуелгі ізгілердің Рамазандағы түнгі құлшылық осылай болған еді. Сондықтан, мүмкіндігінше тарауих намазын имаммен бірге толық оқыған абзал. Сонда түнге құлшылық еткендер қатарынан жазылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім имам намазын бітіргенше бірге оқыса, түнде құлшылық етті деп жазылады»,[6] – деген. 

 

Садақа

 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): адамдардың ең жомарты еді. Рамазанда ерекше жомарттық жасайтын. Ол ескен желден де жомарт болатын. Әнас (р.а.) риуаят еткендей: «Садақаның абзалы –  Рамазандағы садақа»,[7] – делінген.

Рамазандағы садақаның жөні бөлек. Оған берілетін сауап та мол. Садақаның көптеген түрі бар, мәселен.

 

Тамақ беру

 

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): заманының мұсылмандары дастарқан жайып ас беруге ерекше мән беретін. Оны көптеген нәпіл құлшылықтардан жоғары қоятын. Бұл қайырлы амалда дастарқанға шақырылатын адамдар кедей-мұқтаж болуы шарт емес. Олар аш адамды тойдыру мен ізгі бауырын қонақ етуге бірдей көңіл бөлетін.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қайсыбір мұсылман қарны аш мұсылманды тамақтандырса, Алла оған жәннат жемістерімен тамақтандырады. Ал, кімде-кім шөлдегенге сусын берсе, Алла оған рахиқ махтум сусынын береді».[8]

Дастарқан жаю сияқты ізгі амал бауырмалдық, сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты көптеген жақсылыққа септігі тиеді. Ал, пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «... Иман етпейінше, жәннатқа кірмейсіңдер, бір-біріңді жақсы көрмейінше кәміл иман етпейсіңдер», – деген.

 

Ауызашар беру

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза тұтушыға ауызашар берсе, оныкіндей сауап алады. Бірақ, ораза тұтушының сауабынан ешнәрсе азаймайды»,[9] – деген.

Салман (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім ораза тұтқанға ауыз аштырса, күнәларына кешірім, тозақ отынан құтылу болады. Оныкіндей сауап алады. Бірақ, ораза тұтушының сауабынан ешнәрсе азаймайды», – делінеді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі! Біз барлығымыз ораза тұтушыға ауыз аштыратын нәрсе таба бермейміз», – дегенде, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала бұл сауапты ораза тұтушыға бір жұтым сүт, бір түйір құрма, бір ұрттам су бергенге де береді. Кімде-кім ораза тұтқанға су берсе, Алла оған жәннатқа кіргенше еш шөлдетпейтін менің хауызымнан су береді», – деген.

 

Құран оқу

 

Рамазан айы – Құран айы. Жәбірейіл періште (ғ.с.) рамазан айында Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құранды үйрететін. Мұсылманның бұл айда Құранды көп оқығаны абзал. Сахабалардан бастау алатын ізгі буын мұсылмандары да Құранға ерекше ден қоятын. Осман бин Аффан (р.а.) әр күні Құранды хатым ететін. Ал, кейбір ізгілер рамазанның әр үш күні тарауих намазында Құранды түгел оқып бітіретін. Кейбірі жеті, ал кейбірі он күнде тарауихта хатым ететін. Бұған қоса, Құранды намаздан тыс та көп оқитын.

Имам Шафиғи рамазанда алпыс рет хатым еткені, ал Асуадтың екі түнде бір хатым түсіргені жайлы дерек бар. Ал, Зуһри Рамазан кірсе, зерттеуді және оқуды доғарып, толығымен Құранды жүзінен оқуға кірісетін болған.

Суфиян Саури де рамазан айы келгенде барлық нәпіл құлшылығын бір айға тоқтатып, бар ынтасымен Құран оқуға бет бұратын. Осыған байланысты, Ибн Ражабтың: «Тоқтаусыз үш күнде Құранды оқып тәмамдауға қатысты тыйым етілген. Алайда, рамазан айы сияқты құтты уақыт, Мекке сияқты қасиетті жерде Құранды көп оқу мұстахаб», – деген.

 

Құранды оқығанда және тыңдағанда жылау

 

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етеді: «Ал, сендер бұл сөзге (Құранға) таң қаласыңдар ма. Әрі күлесіңдер де жыламайсыңдар ма, қаперсіздікте болған күйлеріңде?»[10] аяты түскенде, суффа сахабалары қатты жылады. Олардың жағдайын естіген Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да көзіне жас алды, оған қосылып біз де жыладық, сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алладан қорқып көзіне жас алған адам тозаққа кірмейді...[11]», – деген еді».

 

Иғтикаф

 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әр рамазанда  он күн иғтикафта отыратын. Дүние салған жылы жиырма күн иғтикаф етті [12]. Иғтикаф – рамазан айының соңғы он күнін мешіттен шықпай құлшылықпен өткізу. Сонымен бірге, құлшылықтан басқа ешбір шаруамен айналыспау. Жүрегімен және тәнімен толығымен ғибадатқа ден қою.

Иғтикаф – Құранды тиләуат ету, намаз оқу, зікір, дұға және басқа да құлшылықтардың басын біріктіретін ғибадат. Иғтикаф құлшылығының қиындығын тек бұл амалды жасап көрген адам біледі. Шынайы ниет, мықты жігермен иғтикаф еткенге Жаратушы жәрдем береді.

 

Рамазан ұмрасы

 

Хадисте: «Рамазандағы ұмра үлкен қажылықпен тең» [13] деген риуаят бар. Тағы бір риуаятта «менімен бірге қажылық еткенмен тең» деп айтылған. Ойлаңызшы, Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге қажылық ету неткен ғанибет!

 

Қадір түні

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім қадір түнін иманмен және сауабын үміт етіп өткізетін болса, оның өткен күнәлары кешіріледі» [14] – деген.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және сахабалар қадір түнін іздеп рамазанның соңғы он түнін құлшылықпен өткізетін. Сахабалар мен табиғиндер ғұсыл алып, қош иіс сеуіп соңғы он түнде қадір кешін күтетін. Бұл түн – зая кеткен уақыттың орнын толтыруға бір мүмкіндік. Қасиетті түннің қадірін сезініп құлшылық пен дұға-тілек ететін уақыт. Қадір түнінің жақсылығынан мақұрым қалған адам жақсылық атауынан құр алақан қалмақ.

Қадір түні – рамазан айының соңғы он күндерінің тақ түндері. Ең басым риуаят 27-ші түнге келеді. Убай бин Кағб (р.а.) риуаятынан: «Уаллаһи, мен ол қай түн екенін білемін. Ол – Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге түнде құлшылық етуді бұйырған түн. Ол – жиырма жетінші түн».[15]

Убай серт етіп: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан белгісі – ертеңіне күн шуақсыз көтеріледі», – деген.

Айша анамыз: «Уа, Алла Елшісі! Егер сол түні құлшылық етсем не деп дұға етейін, – дедім. Ол: «Уа, Алла! Сен Кешірушісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәмды кеш», – деп айт», –дегенін риуаят етеді.

 

Дұға мен истиғфарды көбейту

 

Рамазан айының күні мен түні – ең қасиетті уақыттардың бірі. Бұл айды ерекше қадірін ұғынып өткізген жөн. Дұға-тілек етуге ең абзал уақыттар:

. Ауызашар сәті. Ораза тұтушының ауызашар кезіндегі дұға кері қайтарылмайды.
2. Түннің соңғы үштен бір бөлігі.
3. Сәресі уақытындағы истиғфар.

 

Туыстық қарым-қатынасты күшейту

 

Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ризық-несібесі кең және өмірі ұзақ болуын қаласа, туыстық қарым-қатынасын жасасын», – деген сөзін естідім»,[16] – дейді.

Ағайынмен тату болу көркем мінездің қатарына жатады. Ал, туысқанмен ара-қатынасты үзу – күнә. Құранның 19 аяты туыстық қарым-қатынас жасауға шақырады. Ал, 3 аяты туыстық байланысты үзгенге лағынет пен азап болатындығы жайлы.

Туыстық қарым-қатынас кем дегенде уақыт-уақытымен сәлем беріп аман-саулығын сұрап тұрумен болады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде қасиетті рамазан айында ауыз бекіткендерді былайша сүйіншілейді:

«Адам баласының әрбір амалына оннан жеті жүз есеге дейін сауап беріледі. Алла Тағала: «Тек ораза олай емес, оның қарымын Мен беремін. Пенде рақатын, тамағы мен сусынын Мен үшін тәрк етті. Ораза тұтушыға екі қуаныш бар. Ауыз ашқандағы қуаныш және Раббысымен кездескендегі қуаныш. Ораза тұтқанның аузынан шыққан иіс Алла құзырында миск қош иісінен де жақсырақ» [17].

 

Руслан Қамбар,

исламтанушы


 

[1] Бұхари, Муслим.
[2] «Фурқан» сүресі, 64-аят.
[3] Бұхари, Муслим.
[4] «Таһа» сүресі, 132-аят.
[5] «Зумәр» сүресі, 9-аят.
[6] Сунан кітаптары.
[7] Тирмизи.
[8] Тирмизи.
[9] Ахмад, Насаи.
[10] «Нәжм» сүресі, 59-61 аяттар.
[11] Тирмизи, Байһақи.
[12] Бұхари.
[13] Бұхари, Муслим.
[14] Бұхари, Муслим.
[15] Муслим.
[16] Бұхари.
[17] Бұхари, Муслим.

 

Руслан ҚАМБАР
ramadan.muftyat.kz

Предыдущий Следующий
Е.ШОҚАЙ: «Бізді сабыр, мейірім және ғибадат құтқарады...» Ғылымды талап қылу – құлшылық

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Берекелі Бараат түні
Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Биыл Бараат түні біздің елде 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр....
Ислам күнтізбесі Шарапаты мол шағбан
Міне, қасиетті Шағбан айы туды. Пайғамбарымыз мұндай кезде (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жаратқан Ием, Ережеп пен Шағбан айларында береке бер. Рамазан айына аман жеткізе гөр», - деп дұға қылатын еді....
Ислам күнтізбесі Миғраж мұғжизасы
Бүгін – Миғраж түні. Осыдан 1400 жыл бұрын, яғни 621 жылы Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Ислам тарихында ғажап бір оқиға болып өткен. Ол Миғраж оқиғасы болатын....
Ислам күнтізбесі Бас имам алматылықтарды наурыз мерекесімен құттықтады
Құрметті алматылықтар, қадірлі бауырлар! Баршаңызды еліміз бен мұқым түркі жұртының сан ғасырлар бойы тойлатып келген, тоңның жібіп, жердің бусанып, күзде кеткен жыл құсымен жадыраған көктемде қайта оралған, күн мен түннің теңеліп, адамдар мен төрт түліктің қыстан аман шыққанына Тәңір Тағалаға шүкір...
Ислам күнтізбесі Ережеп айы несімен қасиетті?
«Айлардың бәрінде зұлымдық етуге болмайды. Соның арасында төрт айды ерекше атап өтіп отыр және оларды «харам» айлары, яғни, «тыйым салынған» айлар етті. Осы айлардағы жасалған күнәлар (басқа айларға қарағанда) үлкенірек. Ал, жасалған игі істер мен сауаптардың дәрежесі (өзге айлардан қарағанда) ұлығы...
Ислам күнтізбесі Ережеп – береке мен бейбітшілік айы
Құрметті бауырлар! Баршаңызды қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтаймын! Алла Тағала қасиетті айда жасаған құлшылық-дұғаларымызды қабыл еткей! Құран Кәрімде: «Алла Қағбаны – қасиетті үйді адамдарға тірек етті, сондай-ақ қасиетті (харам) айды, құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған құрбандық ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:43

Ақшамға дейін 00:42

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi