С. Еншібайұлы: Бұл өмір – сынақ алаңы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 14:40
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:38 06:59 11:44 14:40 16:22 17:43
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-авваль 1446
Миләди
29 қараша 2024

Мақалалар

С. Еншібайұлы: Бұл өмір – сынақ алаңы

| A | +

Бұл өмір – Жаратушының адамзатқа сыйлаған шексіз нығметтерімен қатар сынақ алаңы. Нығметі дейтініміз – біз осы өмір арқылы Жаратушымызды танып, Оған құлшылық жасаймыз, жаман мен жақсыны ажыратып үйренеміз. Алланың сүйікті құлы, Пайғамбарымызға (с.а.с) лайықты үммет болу жолында еңбек етіп, тер төгеміз.

Ал негізгі тақырыбымыз бұл өмір сынақ мәселесіне тоқталар болсақ, Алла Тағала барлық адам баласын түрлі жағдайлармен сынайды. Отбасына қатысты, қызметімен байланысты немесе кенеттен келген олжамен, саудадан түскен пайдамен де сынауы әбден мүмкін. Алланың сынағынан тыс қалған пенде жоқ. Барлық адам өмірде әйтеуір бір сынаққа ұшырайтыны Алланың қойған заңдылығы. Бір сөзбен айтсақ, бұл өмір жақсылықта жарысу, сынақ алаңы.

Алла Тағала Құранда:

الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا وَهُوَ الْعَزِيزُ الْغَفُورُ

«Ол Алла қайсыбірің игі һәм сауапты істер істейді екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты. Ол – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Ғафур (құлдарының күнәлары қанша ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда оларға өте кешірімді)» [[1]].

Яғни, адамзатқа өмір сыйлау, ажал жіберу тек қана құдіреті күшті Жаратушы Аллаға тиесілі. Алланың өлімді жаратуында ұлы хикметтер бар. Өмірдің аяқталатындығын, өлімнің бар екенін білген адам өмірін қадірлеуді үйренеді. Алайда ақиқатында біз үрейленетін өлім – адамның бір кезеңнен екінші бір кезеңге ауысуы. Осылайша Алла кім бұл өмірін ізгілікке толы өткізгендігін, немесе қателіктер мен күнәлі істерге бой алдырғандығын анықтайды. Сол себепті бұл өлім адам үшін ұлы емтихан.

Келесі аяттарда Алла Тағала: «Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық пен малдан, жаннан сондай-ақ, өнімнен кеміту арқылы сынаймыз (Мұхаммед (с.ғ.с.) сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе олар: «Шын мәнінде біз Алланыкіміз және Оған қайтушымыз» – дейді. Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мархамет бар әрі олар тура жолдағылар» [[2]].

Адам баласы қандай уақытта болмасын жанындағы кісіге көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Өйткені жоғарыда айтқанымыз сияқты Алла Тағала пендесін кез келген сәтте, кез келген жағдайда сынамақ. «Жаратушы маған көп сынақ жібереді, мені жақсы көрмейді» деген ойға салыну қателік. Себебі Алла Тағала сынақты Өзінің жақсы көрген пенделеріне көп жібереді.

Мысалы, пайғамбарларға қатты әрі көп сынақ жіберген. Салих, Нұх, Иса, Мұса, Мұхаммед (с.ғ.с.) және т.б. пайғамбарлады ғұмыр бойына сынап отырғанын пайғамбарлар тарихы мен Құран және хадистерден жақсы білеміз.

Сағид бин Әбу Уаққастан жеткен хадисте, ол кісі: «Уа, Алла елшісі! Қайсы адамға ең қиын сынақ беріледі?– деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пайғамбарларға, сосын сол секілді, сосын сол іспетті адамдарға. Кісі дініне қарай сыналады. Егер діні берік болса, сынағы қатая түседі. Ал, діні әлсіз болса, иманына байланысты сыналады. Пендені қиыншылық пен пәлекет бойын тазартпайынша тәрк етпейді» [[3]],– деді.

Демек, сынақтың мақсаты – мұсылманды шыңдау, шынайы сенім шыңына шығару. Түрлі тауқыметке төзіп, иманы шыңдалған адам, нағыз иманның дәмін татады. Ал, бұл дүниеге бергісіз сезім. Әрине, адам болмысы жеңілдікке, оңайлыққа құмар. Алайда, жай тас пен жауһар тастың айырмашылығы жауһарға жұмсалған қажырлы еңбек пен сабырлылықтан байқалады. Сол іспетті, дүниелік сынаққа сабырлық танытқан адамның рухани болмысы байи түседі. Ал, бұл оңайлықпен келмейді. Сабырсыз бен қиыншылыққа төзімсіз жан бұл шыңды бағындыра алмайды.

Құран Кәрімнің «Әнкабут» сүресінде мынадай аят бар:

أَحَسِبَ النَّاسُ أَنْ يُتْرَكُوا أَنْ يَقُولُوا آمَنَّا وَهُمْ لا يُفْتَنُونَ * وَلَقَدْ فَتَنَّا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَلَيَعْلَمَنَّ اللَّهُ الَّذِينَ صَدَقُوا وَلَيَعْلَمَنَّ الْكَاذِبِينَ.

«Адамдар: "Иман еттік" деумен сыналмай қойылатындықтарын ойлай ма? Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте, шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі» [[4]].

Ибн Касир өз тәпсір кітабында бұл аятқа байлансты мына риуаятты жеткізеді: «Алла тағала Өзінің мүмин құлын иманының әлсіздігіне және күштілігіне қарай сынайды. Иманы күшейе түскен сайын сынақ күрделене береді, ал иманы әлсіз кісі сеніміне қарай сыналады». Міне, осы аяттың талдауын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисінен оқысақ болады: «Адамдар арасында ең қиын сынаққа түсетіні – пайғамбарлар. Содан кейін салих ізгі құлдар, сосын сол секілді адамдар. Кісі өз дініне (иманына) қарай сыналады. Егер діні (иманы) қатты болса, сынағы арта түседі», – дейді.

Құртуби тафсирінде бұл аят хақында мынадай дерек бар:

Ибн Аббас: «Аяттағы адамдар дегені – Меккеде қалған бір топ мүминдер еді. Олар – Салама бин Һишам, Ъияш бин Әбу Рабиға, Уалид бин Уалид, Аммар бин Ясир және Аммардың әкесі Ясир, анасы Сумаия сондай-ақ, Бәну Махзумның бір топ адамы. Аталған мұсылмандардың исламды қабылдағаны үшін құрайыштың кәпірлері жәбірлеп, азапқа салады. Сол сәтте қиыншылықты басынан өткеріп жатқан жаңа мұсылмандардың жүректері сығылып, «Бәлкім, Алла мүміндерді кәпірден құтқармас?» - деген күмәнде болған». Сондай-ақ, Мужахид: «Бұл аяттың түсу себебі мүмин пендесін сынау – Алланың дәстүрі, заңы екендігін үйрету және жұбату», – дейді.
Ал, Ибн Атыя: «Бұл аят («Әнкабут» сүресінің 2-аяты) аталған себеп негізінде түссе де немесе осы іспетті оқиғаға байланысты болса да, үкімі Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетіне жер тұрғанша (қиямет қайымға дейін) сақталады. Өйткені, мұсылмандардың шекарасын бұзу және дұшпанның басқыншылығы және де басқа Алланың сынағы үздіксіз жалғаса береді. Сондай-ақ, әр жағдайды ескерсе де осындай сан-қилы сырқат пен дерт, тұрмыстағы түрлі сынақ түрі кездеседі», – деген.

Муқатил: «Аят Омар бин Хаттабтың қызметшісі Муһжағ жайынды түскен. Оған Бадр шайқасында Амир бин Хадрамидің жебесі тиіп, шейіт болады. Сол күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Муһжағ – шейіттердің төресі, ол бұл үмбеттің жәннат есігіне шақырылатын ең алғашқы адамы», – дейді. Муһжағтың қайтыс болғанына әке-шешесі мен әйелі қабырғалары қайыса қайғырады. Сол шақта осы аят уаһи етілген», – дейді.

Егер адам осындай сынақтан өтсе, онда оған Алланың жарылқауы бұйырады. Өйткені ол басына түскен сынақ машақатын ерлікпен жеңе білді. Алдынан шыққан қиындықтарды Алладан келген уақытша сынақ деп түсініп, қарсы күресті. Сондай-ақ, Алла Тағала пендесін молшылықпен сынағаны сияқты, таршылық пен де сынайтынын естен шығармаған жөн. Өмірде жиі кездесетін жайттардың бірін мына хадистен көруге болады:

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Алла кімге жақсылық қаласа, соған қиындық жібереді», – деп айтқандығы туралы риуаят келтіреді[[5]].

Хаким бұл жайында былай деген екен: «Сынақ – білгірлер үшін шам-шырақ, ықыласты пенделер үшін – сергектік, ал ақымақ үшін – пәлекет».

Алла емтиханынан және сынағынан ешбір пенде тыс қалмайды. Біздің бұл дүниеге келуіміздің негізгі себептерінің бірі – сынаққа салыну. Тек сынақ арқылы ғана Әбу Бәкір сынды ірі тұлғалар мен Әбу Жаһил сияқты малғұн адамдар ажыратылады. Тек лаулаған қызыл отқа түскенде ғана тастың алтын екені яки болмаса жай құм екені білінеді. Демек, мәселе сынақтың болуы немесе болмауында емес, мәселе сол сынақтан сүрінбей өтуде. Сынақтың сағыңды сындырмай, керісінше, сеніміңді күшейтуінде. Алайда, көбіне адам баласы өзі білмей Алланы сынайды. Қалайша сынайды? Көптеген мұсылман бауырларымыз жасаған құлшылықтарының қайтарымын сұрайды. Сұрап қоймай, егер тез арада ойындағы тілегі қабыл болмаса, құлшылықты тастап кететіндері де кездеседі. Тіпті, қайсыбір мұсылмандар мешіт табалдырығын пенделік парызын өтеу үшін емес, күнделікті күйбең тіршілік үшін аттайды.
Ал, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім тұрмысының таршылығын шағымданып таң аттырар болса, ол Раббысына шағымданғандай болады. Ал, кім дүниелік іс үшін өкініп таң аттырса, Алла тағалаға ашуланып таң аттырғандай болады...»– деген сөзі бар.

Осы мәселе Құранда («Хаж» сүресінің 11-аяты) былайша баяндалған: «Көңілінде күмәні бола тұрып, Аллаға ғибадат жасайтын адамдар бар. Егер басына жақсылық жетсе, ондайлар дінде тұрады да, сәтсіздікке ұшыраса, діннен безіп шығады. Ондайлар бұл дүниеде де, ақыретте де зиян шегеді».
«Фатхул-Қадир» тәпсірінде былай дейді: Қайсыбір адамдар құлшылықтарын белгілі бір шартпен орындайды. Бейне бір Алламен келісім жасағысы келгендей болады. Ғибадат жасап жүріп бір дүниелік пайда тапса, молшылыққа кенеліп, жаны және отбасы аман-есен болса, жаны тынышталады, сөйтіп дінінде тұрақтап, құлшылығын одан ары жалғастыра береді.

Ал, егер мал-дүниесіне, өз жанына яки болмаса отбасына бір қиыншылық түсетін болса, құлшылығын тастап, әдеттегі қалпына түсіп алады. Осылай еткені үшін екі дүниенің де жақсылығына мақұрым қалады. Ондай пенде дүниенің барлық игілігінен, ал ақыретте сауап пен Алланың ізгі құлдарға уәде еткен нығметтерінен құр қалады.

Аталмыш аят хақында Құртуби тәфсирінде Әбу Сағид әл-Худри сахабадан мына хадисті жеткізеді: «Яхуди халқынан бір кісі иман келтіреді. Көп ұзамай ол кісінің көзі соқыр болып, мал-дүниесінен айырылады. Ол бейбақ басына келген бұл пәленің барлығы жаңа қабылдаған дінінен (Исламнан) көріп, пайғамбардың құзырына барып: «Мені бұл діннен азат ет, басымды босат», – деп жалбарынады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ислам діні ешкімді босата алмайды (яғни, әркімнің еркі өзінде)», – дейді. Сонда әлігі бейшара: «Мен бұл діннен ешбір жақсылық көрмедім! Екі көзімнен айырылдым, мал-дүнием және баламды жоғалттым!» – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, яхудилік! Расында, Ислам от болат темірдің, күмістің және алтынның бойындағы жаман қоспаны еріткені сияқты адам бойындағы жамандықты ерітеді», – деп жауап береді.

Бізден алдын өткен үмбетте бір-біріне үш нәрсені насихат ететін: кімде-кім ақыреті үшін амал етер болса, Алла оның діни және дүниелік ісін оңға бастырады. Кімде-кім ішкі жан-дүниесін жақсартса, Алла оның сыртқы болмысын жақсартады. Ал, кімде-кім өзі мен Алла арасындағы міндетін дұрыс орындаса, Алла оның және басқа адамдардың арасын оңалтады.
Мәдина қаласына арабтар көшіп келіп әйелі ұл туса, жылқысы құлындаса, бұл жақсы дін екен дейтұғын. Ал, егер әйелі бала көтермесе, малы төлдемесе бұл жаман дін екен дейді.

Тәпсіршілер: «Бұл сүренің аяты дала арабтары жайында түскен. Олар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп иман келтіретін. Дін қабылдағаннан кейін молшылық пен кеңшілік көрсе, дінде тұрақтайтын. Ал, егер қиыншылық көріп, қиналып кетсе, діннен шығып кететін», – дейді.
Шайба бин Рабиға Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Сен, маған Раббыңнан мал-дүние, түйе мен жылқы және перзент беруін сұрап дұға ет, сонда мен саған иман келтіріп, дініңе кіремін», – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұға етіп, Алла тағала Шайбаның сұрағанын береді. Соңынан Алла оны сынамақ болып (әрине, Алла алдын ала білуші) бергенін қайтып алып қояды. Шайба да иманнан шығып, кәпір болады.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) таңсәріде сахабаларының алдына шығып: «Бүгінгі таңды қалай аттырдыңдар?» – деп сұрайды. Олар: «Аллаға иман еткен күйде», – деп жауап қайырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иман еткендеріңнің белгісі не?» – деп қайта сұрады. Олар: «Қиыншылыққа сабыр етеміз, кеңшілікке шүкіршілік етеміз, Алланың жазғанына ризашылық білдіреміз»,– дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қағбаның Иесімен ант етемін, сендер шынайы мүминсіңдер», – деген екен.

Біз де сахабалар секілді сабырлық пен шүкіршілік етіп қана шынайы мүмин боламыз.

Құртубидің құран тәпсірінде бұл аятқа қатысты екі мәселені қарастыру қажет. Біріншісі, аяттың түсу себебі: Хубаб бин Арат: «Бұл аят бізге байланысты түскен. Біз Мәдинадағы бәну надир, қурайда және бәну қайнуқағ руларының малдүниесін көріп. Осындай молшылықты қаладық».
«Егер біз ризық-несібені мол етсек, олар жер бетінде астамшылық (қанағатсыздық танытып, тағы да сұрай беретін еді) етер еді». Ибн Аббас: «Астамшылық сөзі: бір дәрежеден кейін екіншісін, ал бір малдан кейін тағы біреуін, бір көлік үстінен тағы екіншісін, киімге тағы бір киім сұрау»,– деп айтқан. Алла тағала бір хадис қудсиде: «Адам баласының екі сай толы алтыны болса, екеуіне қоса тағы бір сай алтыннан дәмеленеді»,– делінген.
Екіншісі, біздің ғалымдарымыз: «Жаратқан Иеміздің әрбір ісінде сансыз сыр және шексіз даналық бар. Алла өз пендесінің жағдайын жақсырақ біледі. Кейбір пендесіне кеңшілік көрсетсе, мұндай жағдай оны бұзықтыққа апарады. Сол себепті оған дүние игілігі пайдасын бермейді, керісінше, бұзады. Сондықтан, тұрмыстың таршылығы қорлық емес, ал ризық-несібенің молшылдығы кісінің артықшылығынан емес. Кейбір адамдарға олардың бұрыс пайдаланатынын Алла тағала білсе де береді. Мұның себебі – Алла осылайша сынақ етеді», – дейді.

Сахаби Әнас (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) мына хадис қудсиді жеткізеді: «Кімде-кім менің бір уәлиімді (досымды) мазақ етер болса, маған қарсы шыққаны. Ал, мен өз достарыма жылдам жәрдем етемін. Досымның дұшпандарына ашулы арыстанша тиісемін».

«Мен ешбір істі жасағанда екіленбеймін. Тек өлімді қаламаған мүмин құлымның жанын алғанда ғана екіленемін. Мен пендеме бір жамандық етуді жеккөремін. Алайда, ажал күттірмейді».

«Расында, пенделерімнің арасында Менен құлшылық есігін сұрайтыны бар, ал Мен оны сол есікке кіргізсем, оны бұзатынын білемін».
«Расында, мүмин пенделерімнің арасында тек қана байлық пайда беретіні бар. Егер оны кедей етіп жіберсем, оны жоқшылық пен мұқтаждық бұзатынын білемін. Ал, кейбір құлдарыма, керісінше, кедейлік дұрыс келеді. Егер оларға молшылық берсем, бұзылады. Расында, пенделеріме олардың жүрегіндегі жағдайға байланысты мәміле етемін. Шын мәнінде, Мен толық білуші әрі барлығынан хабардармын».

Санқилы сынақтың сыры жайлы кемеңгер сахаба Омар бин Хаттаб (р.а.): «Аллаһ маған бір қиындық жіберсе, ол қиындықтың астарында төрт кеңшілік болады: қиындық менің күнәм себепті болмайды, күнәма жараса берілген қиындық күнәмнан үлкен болмайды. Басыма түскен қиындық Алланың ризашылығынан мақұрым етпейді. Мен бұл қиындықтың соңынан Алланың сауабын үміт етемін», – деген екен.

Әбу Бәкір (р.а.) адам баласына жан-жақтан төнген қиындықтарға төтеп беру жолын үйретіп: «Расында, ібіліс сенің алдында, нәпсің оң жағында, құмарлығың сол жағыңда, ал дүние арқа тұсыңда тұр. Ал, дене мүшең сені орап қоршаған, төбеңде Жаббар Алла (әрине, өз құдіретімен, мекенімен емес). Алланың лағынеті болғыр ібіліс, сені дініңді тәрк етуге шақырады, нәпсің күнәға итермелейді. Құмарлығың ләззатқа шақырады. Ал, дүние пәнилікті бақилыққа айырбастауыңды қалайды. Дене мүшелерің де айыпты іс, күнә жасауыңды сұрайды. Ал, Жаббар Алла сені жәннатқа және мағфиретке шақырады. Кім ібіліске жауап берсе, дінінен айырылады, кім нәпсісіне жауап берсе, жанынан, рухынан айырылады. Кім құмарлығына жауап берсе, ақылынан айырылады. Кім дүниеге жауап берсе, ақыретінен айырылады. Кім дене мүшелеріне құлақ салса, жәннаттан айырылады. Ал, кім Аллаға жауап берсе, тұла бойы түгел жамандықтан құтылып, барлық жақсылыққа кенеледі», – деген екен.

Қиындыққа қынжылмай, қайта жігерін қайрай түсу қажеттігін мына бір қысқаша ғибратты оқиғадан аңғарсақ екен. Алла тағала өзінің пайғамбары Ғузайрға (ғ.с.) уахи етіп: «Ей, Ғузайр! Егер кішкене бір күнә жасап қойсаң, күнәнің кішілігіне қарама, сол күнәні кімге жасағаныңа қара. Ал, егер саған кішкене бір жақсылық жетсе, жақсылықтың кішілігіне қарама, бұл жақсылықты кім сыйлағанына қара, ал егер басыңа бір қиындық, сынақ келсе, Мені пенделеріме айтып арызданба. Өйткені, Мен де сен күнә жасағанда періштелеріме сені шағым етпеймін», – деген екен.

Хазірет Әли (р.а.): «Алла құзырында адамдардың ең жақсысы бол, нәпсі үшін адамның ең жаманы бол, ал адамдар арасында нағыз азамат бол», – деген екен. Данышпан сахаба Әли (р.а.) айтқандай, Алланың әмірін орындап, ең жақсы пенделер сапынан көрінуге тырысып бағуымыз тиіс. Сондай-ақ, Шал ақынша «Ақыл қойшы, иман қой, нәпсі бөрі, бөріге қой алдырмас ердің ері» деп нәпсінің жетегінде жүрмей, құрдымға итермелейтін құмарлығымызды құрықтап, мұсылман қауым арасында нағыз ер болуымыз ләзім.

 

[1] «Мүлік» сүресі, 2-аят.

[2]   «Бақара» сүресі,  155-156 аяттар.

[3] Имам Бұхари хадис жинағы

[4] «Әнкабут» сүресі, 2-3 аятттар.

[5] Имам Мәлик және Бұхари риуаяты

 

Серікжан Еншібайұлы,

Алматы қаласы «Ибраһим» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Исра игілігі һәм миғраж мұғжизасы Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #33

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алланы зікір ету Хасан ТАШАЙҰЛЫ: Зікір – жын-шайтанға қарсы сенімді қару
Жақында әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында жолдың бойында қыздың елесі пайда болып, ауыл тұрғындарын үрейлендіргені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты KAZISLAM порталының тілшісі ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлға жалпы жындар мәселесіне қатыст...
Алланы зікір ету Түрлі жаманшылықтан және жұқпалы аурулардан сақтану үшін оқылатын дұғалар
Күллі әлемге қорқыныш сепкен жұқпалы дерттің күн санап күшейіп, барған сайын батпандай салмағы ауырлап келеді. Еліміз бойынша екінші мәрте карантин режимі енгізіліп, жер-жерде жедел шаралар ұйымдастырылып жатыр. Дегенмен, дендеп кірген дерттің кесірінен бүгінге дейін қаншама шаңырақ қара жамылып, қа...
Алланы зікір ету Мүмкін шүкіршілік етерсіңдер
Алла (Тағала) сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер. Нахл сүресі, 78-аят....
Алланы зікір ету Алладан кешірім сұраудың маңызы
«Енді, Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік етіңдер де қарсы болмаңдар».  («Бақара» сүресі, 152-аят).
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-авваль 1446
Миләди
29 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:40

Ақшамға дейін 01:05

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi