С.АХМАДИЕВ. Құран жаттаудың сырлары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 18:57
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:28 05:43 11:46 15:54 17:41 18:57
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Раби-авваль 1446
Миләди
28 қыркүйек 2024

Мақалалар

С.АХМАДИЕВ. Құран жаттаудың сырлары

| A | +

Құран – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы мұғжизасы. Адамзат Құранмен сәйкес өмір сүргенде ғана ақиқат ұғымының биігін бағындыра алады. Құранды көбірек оқу және әрдайым жаттап жүру арқылы пенде Раббысына сүйікті құл болу мәртебесіне қол жеткізеді. Мұсылман Құранды жиі оқығанда ғана тақуа бола алады. Құранды жеңіл жаттаудың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік қырлары мен сырлары бар. Солардың бірнеше тәсілін Құран ілімдері кітаптарынан жинақтап төменде келтіріп отырмыз.    

 

Құран жаттауға қызығушылық таңытқан адам, ең алдымен, оны жаттаудың жеңіл тәсілдерін таңдауы тиіс. Атап айтқанда:

 

Бірінші: Еш күмәнсіз Құран жаттауды жеңіл деп сену. Сол сенімнің жүрегіне орнығуы оның Құран жаттауында Алланың жәрдемі тиюіне себеп болады. Бұған  Алла Тағаланың:  

 

وَلَقَدۡ یَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِر

 

«Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?»[1], – деген аяты дәлел.   

 

Екінші: Шын жүрекпен Құран жаттауға ниет ету. Себебі, Құран жаттау ең ұлы нығмет. Сол себепті Құран жаттауға бар күш жігерін жұмсауы қажет. Икрима (р.а.): «Ибн Аббас Құран мен мирас ілімін оқуда (тұрып кетпей, сабыр етіп отыруым үшін) екі аяғыма ауыр нәрсе қойып қоятын», – деп еске алған естелік қалдырған.

 

Үшінші: Күнәлардан аулақ болу. Уақиғ (р.а.)[2]: «Құран жаттауда күнәлардан аулақ болумен өздеріңізге жәрдем беріңіздер», – деп ескерткен.

 

Төртінші: Адам өзін және зейінін Құран жаттауға дайындау. Мысалы: ерте ұйықтау және адамды алаңдататын әр түрлі ойлардан аулақ болу, зейіннің тазалығы, яғни миы демалған уақытында жаттауы. Құран жаттау барысында тілімен оқыған уақытта бар зейінін салып оқу, яғни тілімен оқып тұрғанда ойының басқа жақта болмауы. Хаммат ибн Зайттен (р.а.): «Жаттауға ең көп жәрдем беретін нәрсе не?», – деп сұраған. Сонда ол: «Құраннан басқа уайымның аз болуы»,— деп түсіндірген. 

 

Бесінші: Берекелі уақыттарда жаттау. Мысалы: сәресі және таң намазынан кейінгі уақыттарда жаттау. Себебі, пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетіне осы уақыттарда береке сұрап дұға еткен. Әлқама ибн Қайс (р.а.): «Бізге: «егер ғалым таң намазынан кейін ұйықтайтын болса, жер Алла Тағалаға шағым жасайды» деген хабар жеткен», – деп еске алады.  

 

Исмаил ибн Әбу Уайс (р.а.): «Егер бір нәрсені жаттауды қаласаң, ерте ұйықта. Сәресі уақытында тұрып, жарығыңды жағып жаттайтын нәрсеңе қара. Кейін (жаттаған нәрсеңді) Алланың қалауымен мүлдем есіңнен шығармайтын боласың», – деген.

 

Хатыб Аль-Бағдади:«Ғұламалар оқу үшін түнгі уақытты таңдауының себебі, ол кездері жүрек тыныш болады. Ал жүректің тыныштығы жаттауды жеңілдетеді», – деп айтқан.

 

Алтыншы: Жаттайтын бетін қарилардың бірінен аудио-видео жазба арқылы тындау. Жаттайтын бетін таңертең жаттайтын болса, түнде тындап қоюы абзал болады. Осылай жасалған жағдайда, таңертең жандүниесі ол аяттарды қабылдауға  дайын тұрады. Осы арқылы жаттауы жеңіл, әрі қатесіз ойда қалады.

 

Жетінші: Бір түстес Құран кітабынан оқу психология жағынан өте маңызды. Себебі, Құранның беті адамның зейінінде сурет болып қалыптасады. Ал, Құран кітаптың әртүрлі түсте болуы зейінді және жаттауды шашыратып жібереді. Беттеріне ұстаздың қаламымен қойылған ескертулері де көз алдыңда тұрып, көкейге сіңеді.

 

Сегізінші: Күнделікті белгілі бір мөлшерде ғана жаттау. Әртүрлі мөлшерде жаттау адамның табиғатына қарсы әрекет. Себебі, тәжірибеде белгілі бір мөлшерде жаттамау көп жағдайда Құранды мүлдем жаттамай кетуге әкеп соғады. Уақыт өтуімен жаттайтын мөлшерді көбейтіп отыру бұл мәселеге жатпайды. Егер бір себептермен белгіленген мөшерін жаттай алмай қалса, онда жаттауды мүлдем тастап кетуі дұрыс емес. Егер жаттамай қойса, ол әрекеті шайттанның азғыруынан деп есептеледі. Бұл тұрғыда, сол жаттау керек болған мөлшерін сол күні немесе келесі күні жаттап, орнын толтырып кетуі қажет.

 

Тоғызыншы: Жаттаған беттерін намазға қосып оқу. Өйткені, намазға қосып оқу жатталған аяттарды зейінінде сақталып қалуына жоғарғы дәрежеде септігін тигізеді. Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер Құран жаттаған адам күндізгі немесе түнгі намаздарында (жаттаған сүрелерін) қосып оқитын болса, есінде қалады. Ал, олай істемесе есінен шығып кетеді», – деген.

 

Намазда имам болып жаттаған парақтарын қосып оқып отыру жадында жақсы сақталуына жәрдемін тигізеді. Әсіресе, Рамазан айында тарауих намазына қосып оқу  жадына жақсы сақтауға мүмкіндік береді.

 

Оныншы: Жаттаған жерлерін көп қайталап жүру. Көп қайталау жатталған жерін зейінде сақталып қалуына себеп болады.

 

Имам Бухари (р.а.): «Жаттау үшін – адамның білімге құштар болуы және сонымен қатар жаттаған нәрсесіне әрдайым қарап отырудан пайдалысын білмедім», – деген.

  

Құран – берекелі, әрі өмірдегі үлкенді кішілі өлшемдерді дөп басып көрсететін жалғыз кітап. Ол жеке адамды да, қоғамды да жоғары санамен өмір сүруге жетелейді. Адамзат Құранды басшылыққа алып өмір сүргенде ғана екі дүниеде бақытты бола алады. Елімізде Құранды жаттаушылар  неғұрлым көбейген сайын, елдің берекесі арта береді. Алла Тағала елімізде Құран жаттаған қарилардың көп болуын нәсіп етсін.

 


[1] Қамар сүресі, 17 аят

[2] Имам Шафиғидың (р.а.) ұстазы

 

Серікхан Ахмадиев

Алматы қаласы, Медеу ауданы,

"Аманқұл ата" мешітінің бас имамы 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Ережеп – береке мен бейбітшілік айы Пайғамбардың (ﷺ) ата-анасы жәннаттық па?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір Абайдың отыз бесінші қара сөзіне Құраннан тәпсір
Абай атамыздың қара сөздерін оқи отырып, отыз бесінші сөзіне келгенде, университеттегі профессорымның «Һуд» сүресінің (16-17) аяттарын екі сағатқа жақын түсіндірген тәпсірі есіме еріксіз түсті....
Құран және тәпсір «Жәннатқа кірген күннің өзінде Сені көре алмай қаламын ба деп қорқамын?!.»
Ибн Мұрдуайһ пен Әбу Нуғайм және Дия Мәқдиси «Жаннаттың сипаты» кітабында* Айша анамыздың былай дегенін жеткізген: «Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Сен маған жанымнан да, ата-анамнан да сүйіктісің! Үйде жүргенімде сен есіме түсе қалсаң, келіп көзіммен көргенше шыдай алмаймын. Өзімнің ақыреті...
Құран және тәпсір Құран және Ғылым: Жалғаншы әрі күнәһар КЕКІЛ
Алла Тағала Құран Кәрімде Қағбада намаз оқып жатқан Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қастық қылмақ болған адам туралы мынадай аяттар түсірген: «Жоқ! Егер ол тыйылмаса Біз оның кекілінен ұстап аламыз, жалғаншы әрі күнәһар кекілінен» (Алақ сүресі, 15-16 аяттар)....
Құран және тәпсір Ықылас сүресінің кереметтерінің бірі
Ықылас сүресінің кереметтерінің бірі туралы Түркияның Анкара университетінің студенті Юсуф Керкукли өзінің ғылыми дәйектерінде былайша түсіндіреді. Ол Ықылас сүресін қайта-қайта мұқият зерттеп, онда кездесетін араб әріптерінің тәртібіне назар салған....
Құран және тәпсір Құранда құстар жайлы не делінген?
Құстар Алла Тағаланың ерекше жаратылған мақұлықтары, аспан әлемінің көркін кіргізуші ғажайып туындыларының бірі. Алла Тағала бұл ғаламды ешбір нұқсансыз, ешқандай ақаусыз жаратқаны секілді, таңғажайып ғаламның ішінде өз алдына өмір сүріп, көктен жерге суылдай сорғалап, бауырымен жер сыза отырып қайт...
Құран және тәпсір Құран – даналыққа тұнған кітап
Жаратқан құлдарын мейірімге бөлеп, Өзінің Пайғамбары ﷺ арқылы тура жол көрсететін Құранды түсірген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын.  
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Раби-авваль 1446
Миләди
28 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:57

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi