Телепатия туралы дініміз не дейді?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Телепатия туралы дініміз не дейді?

| A | +

Телепатия дегенде адамның өз ойы мен сезімдерін басқа адамға сезім мүшелері мен физикалық ортаның қатысынсыз жеткізу қабілеті түсініледі. Мысалы, алдағы уақытта болуы мүмкін оқиғаларды алдын-ала сезіп-білу, бір адамның басқа біреумен немесе егіздердің телепатикалық байланысы және басқа да метафизикалық тәжірибелер.

Арада байланыс жоқ бола тұра әрі бір-бірінен алыста бола тұра бұл істер қалайша жүзеге асады? Бұл адамды өз-өзімен іштей табыстыратын, сөйлестіретін рухтың болғанын көрсетеді. Телепатия – рухқа қатысты ілім. Алайда Құран Кәрімде: «Олар сенен рух жайлы сұрайды. Оларға: «Рух – Раббымның ғана білетін ісі. Бұл мәселеде сендерге тым аз ілім берілген», – деп айт», – делінген («Исра» сүресі, 85-аят).

Яһудилер рух жайында Алладан басқа ешкім жауап бере алмайтынын бұрыннан білген. Өйткені Тәурат кітабында бұл туралы мәлімет келген болатын. Олар құрайыш мүшріктеріне «Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рух жайында сұрап, жауап берсе, оның пайғамбар болмағаны, ал жауап бермесе, оның шын пайғамбар екені дәлелденеді» деп үйретіп жібереді. Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шын пайғамбар болғандықтан, рух және оның мәні туралы ештеңе білмейтінін, ол тек Аллаға мәлім екенін айтты.

Омар ибн Хаттабтың (Алла оған разы болсын) халифалық кезінде мынадай оқиға болған. Халифа Омар Мәдина қаласында жұма күні құтпа оқып тұрғанда, дәл сол кезде Шам өлкесінде жаумен алысып жатқан қолбасшы Сария ибн Заним (Алла оған разы болсын) арасында рухани байланыс орын алады. Шайқаста жау басым келіп, мұсылман әскеріне қауіп төніп тұрған кез болатын. Сонда Омар: «Уа, Сария, тауға бекініңдер!» – деді. Сария Омардың даусын естиді және солай істейді. Нәтижесінде мұсылмандар жеңіске жетеді. Бұл жағдайға жұма намазына жиналған мешіттегі сахабалар да, шайқасқа қатысқан сахабалар да куә болған.

Бірақ ғалымдар бұл жағдайды телепатия емес, Алла Тағаланың құдіретімен іске асқан кереметі деп түсіндіреді. Өйткені біз, мұсылмандар, «пайғамбарларға мұғжиза, әулиелерге керемет берілуі – хақ» деп иман келтіреміз. Демек керемет пен телепатия екі бөлек нәрсе.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұрынғы үмбеттерде илхам (илаһи шабыт) алатын кісілер болатын еді. Егер менің үмбетімнен сондай адам болса, күмәнсіз, ол – Омар ибн Хаттаб», – деді (Мүслим). Бұл оның Хазрет Омар туралы айтқан мұғжизасы еді.

Сондай-ақ мұндай жағдай шайтан тарапынан да жүзеге асуы мүмкін. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарсы шыққан, сосын Әбу Бәкірдің (Алла оған разы болсын) дәуірінде өлтірілген Мүсәйләмәт әл-Кәззаб есімді кәпірге шайтан сыбырлап, адамдар туралы керекті мәліметтерді жеткізіп отырған.

Қорыта айтқанда, мұсылман адам телепатияны үйренуге, ізденуге және қолдануға қызықпау керек. Тіпті біреу осы арқылы ғажап нәрсе көрсетіп жатса да, оған таңғалмау қажет. Ғалымдар телепатия үйренудің, тәжірибеде қолданудың дұрыс еместігін мына себептерге байланыстырады: оны ілім деңгейіне көтерудің ешбір пайдасы жоқ; адам денсаулығына және психикалық жағдайына зиян; оның кейбір пайдалы тұстары болғанымен жаман әрі пайдасыз, қажетсіз жақтары өте көп; әруақтармен байланыс құрамын деген сылтаумен, алдауға және алаяқтыққа жол ашуы мүмкін. 

 Хасан АМАНҚҰЛ 

«Мұнара» газеті, №4, 2021 жыл 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
#8 Сыпайы болу әдебі Құран жайлы 40 хадис: 13-ХАДИС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Әз-Наурыз – діни емес, ұлттық мереке
Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің рухани құндылығы, салт-дәстүрі, діні мен тілі қайта жаңғыру мүмкіндігіне ие болды. Соның ішінде жыл басы, күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы, мұсылман қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы қастерлі мерекесі – әз-Науры...
Сұрақ-жауап Қиямет бүкіл ғаламда бола ма?
Сұрақ: Қиямет Жер планетасында бола ма? Әлде бүкіл ғаламда бола ма? Илон Масктің «Марсқа көшіп барса, адамзат ақырзаманнан құтылады» деген идеясын қалай түсінуге болады?...
Сұрақ-жауап Мүфтият феминизм, бір жынысты неке мәселесіне қатысты пікір білдірді
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров “Фейсбук” желісіндегі парақшасында жазды.
Сұрақ-жауап Әйелдердің ер кісіге еліктеуінің үкімі
«Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың. Шүбәсіз, Алла толық білуші, бәрінен толық хабардар болушы»[1]....
Сұрақ-жауап Үй шаруасы әйелдің міндеті ме?
Сұрақ: Әйел үйді сыпыру, тамақ пісіру, кір жуу секілді үй ішіндегі жұмыстарды істеуі міндетті ме?  
Сұрақ-жауап Онлайн неке қию дұрыс па?
Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі айтыла бастады. Адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық неке шарты жасалғанда қалыңдық бір жақта, күйеу басқа жақта, ал куәгерлер тағы бір жақта қатысатын көрінеді. Осындай неке шариғат бойы...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 01:09

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi