ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 14:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ

| A | +

Адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі ыңтымақ бірлік. Ынтымақ болса, ел үшін және жеке адам үшінде амандықта дамып өркендеуге негіз болады. Сол үшін Алла Тағала дінімізде ынтымақтың мызғымас мықты болу керек екенін негізгі міндеттердің бірі еткен.

Дініміздің қағидаттарының астарында ынтымақ пен бірліктің жатқанын анық байқауға болады. Атап айтқанда дініміздің тірегі болған намазды алсақ, Алланың разылығына жеткізетін ұлы құлшылық болумен қатар береке бірліктің және ынтымақтың негізі де бола алады. Мысалы, жұма намаз оқудың парыздылығы және жамағат намаздарын оқудың сауабы жоғары болуы халықтың бір жерге шоғырланып, өзара бірін-бірі танып, сол арқылы ыңтымақтың болуы көзделуде. Сонымен қатар жиналған жұрт бір имамға ұйып намаз оқуыда бейне бір адамдай әрекет етуі түсінген адамға ынтымақтын бекем болу керек деген нұсқауды анық байқайды. Егер имам намаздың кейбір бөліктерінде жаңылысса, онда ұйып тұрған барша халық имаммен бірге сол қателікке ілесіп бірге орындайды. Имам қателесті деп өзі дұрысын жасауына шариғат рұқсат етпейді. Намаздағы тәртіптердің осынша дәрежеде бұйырылуы береке-бірліктің, ынтымақтың өте мықты болу керек екендігін міндеттеп отыр.

Ал, бес парыздың бірі болған оразаның да астарында Алланың разылығын алумен қоса, береке-бірлік пен ынтымақтың жатқанын анық байқауға болады. Мысалы, бір уақытта сәресін ішіп және бір уақытта ауыз ашу ел болып тәртіппен әрекет етуді білдірсе, сонымен қатар береке бірліктің де болуы көзделуде. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  ауыз аштырудың сауабының мол екендігін баяндаған. Ораза ұстаған адамға дәм ұсынып, қарнын тойдырып, ауыз аштырып ілтипат көрсетуі өзара сүйіспеншілікті арттырары сөзсіз. Ал, ел болып бір-бірінің үйіне ауыз ашарға барып, бір дастарханда қонақ болуы бірлік пен ынтымақтын негізі екені айқын. Сол сияқты ораза ұстаушы ешкіммен ренжіспеуі де оразаның тәртіптерінің бірі. Тіпті жанжал шығарғысы келген адамға: «мен оразамын», -  деп сыпайы ғана жауап беру ораза ұстаушының міндеті. Жанжал мен реніштің алдын алу береке-бірліктін негізі екені белгілі. Ораза уақытында пітір садақа беру де үлкен міндеттердің біріне жатады. Адамдардың бір-біріне көмек жасап, қайырымдылық қылуы өзара сүйіспеншілікті артыратын іс. Сондықтан пітір садақа беруде ынтымақты арттырады. Ораза уақытында атқарылатын үлкен құлшылықтың бірі тарауық намазы. Күніге кешкісін бір мешітке жиналып тарауық намазын оқыған адамдардың бір-біріне бауыр басып, туыстай болып араласып жақын болып қалатыны жылдағы көріп отырған ынтымақтың үрдісі. Мұсылман баласын жәннатқа кіруіне себеп болатын үлкен құлшылықтың бірі болған оразаның барлық амалдарының астарынан береке-бірлік пен ынтымақты анық байқап отырмыз.

Ал, келесі бес парыздың бірі болған қажылықты алсақ, ол тіпті әлем халықтарының береке бірлігі мен ынтымағының белгісі. Дүние жүзі халықтары бір жерге жиналып, мансаптарына қарамай бірдей үлгіде ихрам киіп, бірдей үлгіде мінәжаттарын жасап және бір уақытта құлшылықтарын бірдей үлгіде орындауы бейне бір адам тәрізді ынтымақпен өмір сүру керек екендігін аңғартып тұр. Сонымен қатар, береке-бірлік пен ынтымақты сақтай білу әрбір мұсылманның міндеті. Алла Тағала ынтымаққа үлес қосқан мұсылманды жақсы көретіндігін осы қырынан да дәлел десек болады. Дінімізде өтірік айту өте үлкен күнәлардің бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман адам өтірік айтуы мүмкін емес екендігін баяндаған. Алайда, екі адамның арасын жақындастыру үшін өтірік айтуға дініміздің рұқсат беруі түсінген адам үшін үлкен ғибрат.

Умм Күлсім (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы былай деді: «Оның үш түрлі жағдайдан басқа, еш уақытта өтірік айтуды рұқсат еткенін естіген емеспін. Ол - соғыс кезінде, адамдарды жарастыру үшін және әйелі күйеуіне сөйлеген кезде және күйеуінің әйеліне сөйлеген кезінде»[1], — деген.

Өйткені өтірік айту қаншалықты үлкен күнә болғанымен, адамдардың өзара ынтымақта болуы одан да үлкен маңызға ие.

Ислам дінінің толықтай мән мағынасына назар салып үңілген пенде үш үлкен негізді байқайды. Біріншіден, барлық адамзатты жоғарғы дәрежеде сыйластық пен сүйіспеншілікте өмір сүруге негіз болу. Мысалы, Алла тағала Құран Кәрімде:

إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ

«Шын мәнінде мүміндер бауыр»[2]

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

"تَهَادُوْا تَحَابُّوا"

 «Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады....»[3], - деген.  

Жоғарыдағы мағанадағы аяттар мен хадистер кемелдік дәрежеде ынтымақпен өмір сүру керек екендігін білдіреді. Бұндай дәрежеде өмір сүру мәдениетіне қол жеткізген адам Алла Тағалаға көбірек жақын болады. Екіншіден, жоғарғы дәрежеде сыйласумен сүйіспеншілікте өмір сүру мәдениетіне қол жеткізген адамдар қоғамда аздау болатыны белгілі. Сондықтан дініміз қоғамның ізгілігі үшін екінші жолды ұсынады. Ол, әртүрлі түсініспеушіліктердің алдын алу. Сол арқылы қоғамда сыйластыққа сызат түсірмей ынтымақты сақтау маңызды. Мысалы, Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

 

يَاأَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا تَدَايَنتُم بِدَيْنٍ إِلَى أَجَلٍ مُّسَمًّى فَاكْتُبُوهُ وَلْيَكْتُبْ بَيْنَكُمْ كَاتِبٌ بِالْعَدْلِ وَلاَ يَأْبَ كَاتِبٌ أَنْ يَكْتُبَ كَمَا عَلَّمَهُ اللهُ فَلْيَكْتُبْ وَلْيُمْلِلِ الَّذِي عَلَيْهِ الْحَقُّ وَلْيَتَّقِ اللهَ رَبَّهُ وَلاَ يَبْخَسْ مِنْهُ شَيْئًا

«Уа, иман келтіргендер! Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе қарыз бергенде, оны жазып қойыңдар. Араларыңда бір хатшы әділдікпен жазсын. Сондай-ақ хатшы Алланың оған үйретуі бойынша жазудан бас тартпасын. Борышты кісі хатшыға жаздырсын. Ол Раббысы Алладан қорықсын әрі қарызынан ешнәрсені кемітпей толық жаздырсын»[4], – деп айтқан. 

 Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)

اَلْمُسْلِمُ أّخُو الْمُسْلِمِ ، لاَ يَظْلِمُهُ وَلاَ يُسْلِمُهُ ، وَمَنْ كَانَ فِي حَاجَةِ أَخِيهِ كَانَ اللهُ فِي حَاجَتِهِ

«Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол бауырына қиянат жасамайды және оны залымдарға тастамайды. Кім бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла да оның мұқтаждығын өтейді»[5], - деген.

Құран Кәрімде және хадистердегі келетін осындай мағынадағы аяттар мен хадистер әртүрлі түсініспеушіліктердің алдын алу, сол арқылы қоғамдағы ынтымақты сақтау. Үшіншіден, ешқандай түсініспеушілікке жол бермей, ынтымақты сақтай отырып өмір сүру де үлкен дәреже. Алайда, ондай деңгейде өмір сүру көптеген адамдардың қолынан келмеуі мүмкін. Сондықтан дініміз үшінші дәрежені ұсынады. Ол дәреже, ренжіткен адамдардың тез арада татуласуы. Бұл дәрежеде жүрегінде иманы бар адамдардың жүзеге асыратын амалдарынан болып есептеледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман өзінің мұсылман бауырымен үш күннен артық біржола қатынасын үзіп, кезіккен кездерінде бір-біріне теріс қарап өтулері халал емес. Жақсысы бірінші болып сәлем бергені (кешіргені)»[6], - деген.

Міне, осындай хабарлар ренжіскен адамның тез арада татуласа білу керек екендігін міндет етіп тұр. Бұл жағдай да қоғамдағы ынтымақтың бекем болуы үшін негізделген. Ал, егер одан кейін де ренжісіп татуласуды ойламаған адам дініміздегі орны өте қауіпті. Алладан үміті бар және мәңгілік өмірде жақсылықты қалаған пенде ренжіскен жағдайда татуласуға мән бермей жүруі мүмкін емес. Егерде арада болған араздықты тоқтатуды көздемесе, онда оның иманының әлсіздігінің белгісі.

Бұл шағын ғана ойларымыз арқылы Ислам дінінің ынтымақ пен бірлікке қаншалықты мән беретіндігіне ой салуға тырыстық. Ислам дінін қаншалықты терең түсініп, мән берген адам соншалықты ынтымақ пен бірлікке мән беретін болады. Сондықтан елімізде дінімізді терең әрі дұрыс түсінетін адамдардың көп болуын нәсіп етсін. Сол арқылы ынтымақ пен бірлігіміз бекем болуын тілейміз.       

 

«Аманқұл ата» мешітінің бас имамы

 Ахмадиев Серікхан

 

[1] Мүслім хадис жинағы

[2] Хужурат сүресі, 10-аят

[3] Бухари хадис жинағы

[4] Бақара сүресі, 282-аят

[5] Бухари риуаяты

[6] Сахих Мүслим, Китабул бир уәс силати уәл әдаб, 2560-хадис.

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАБІР ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ҚАБІР ЗИЯРАТЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЕТКЕНІҢ, ӨЗ ЕЛІҢНІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕНІҢ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЕТКЕНІҢ, ӨЗ ЕЛІҢНІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕНІҢ
«Отанға опасыздық жасау» тіркесіне кіріспес  бұрын бірінші «Отан дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап берейікші.
Қоғам ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады.
Қоғам МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам ТАРИХЫМЫЗДЫ ҰМЫТПАЙ, ОДАН САБАҚ АЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
Өткен күндердің еншісіндегі сұрапыл соғыстар, қуғын-сүргіндер, жеңіске жеткен һәм жеңіліске ұшыраған сәттер, бәрін де ескеруіміз керек. Себебі ол – біздің тарихымыз. Әлихан Бөкейхан «Бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деген болатын. Сондықтан біз өткен...
Қоғам ЖАЛПЫҒА ЖҮКТЕЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:43

Ақшамға дейін 00:48

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi