Жомарт КЕРШЕЕВ: Уәдеге берік болу
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Жомарт КЕРШЕЕВ: Уәдеге берік болу

| A | +

Уәдеге беріктік, опалы болу сөздерінің тілдік мағынасына көңіл бөлсек, ол – алдау, опасыздық жасау, сатқындық деген сөздердің антонимі болып табылады. Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» деген терең мағыналы сөз бар. Бұл сөз не үшін мәнді? Себебі, берілген уәде бұзылып, оның қоғам ішіндегі рухани һәм имани құндылығы әлсіреген жерде береке қашады. Өйткені уәде дегеніміз – адамзатты берекесіздіктен сақтайтын әрі адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынасты бұзбай ұстап тұратын мызғымас ұстын.

 

Сонымен қатар, уәдеге берік болу Ислам ахлағының негізгі тармақтарынан екені сөзсіз. Қасиетті Құран Кәрімнің «Рағд» сүресі, 19-20 аяттарында Алла Тағала:

 

أَفَمَن يَعْلَمُ أَنَّمَا أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَبِّكَ الْحَقُّ كَمَنْ هُوَ أَعْمَى إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُوْلُواْ الأَلْبَابِ(19) الَّذِينَ يُوفُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَلاَ يَنقُضُونَ الْمِيثَاقَ(20)

 

«(Уа, Мұхаммед!) Саған Раббыңнан түсірілген (Құранның) хақ екенін білетін адам мен (көкірегі көр, көңілі) соқыр адам тең бе? Дегенмен, ақылы һәм түсінігі барлар ғана ойланып, ғибрат алады. (19) Аллаға берген уәдесінде тұратындар мен сертті бұзбайтындар, міне, солар. (20)», – деп уәдеде тұру, сертті бұзбау мінездерінің иманның ажырағысыз бөлігі екенін баян етті.

 

Убада ибн Сомидтен (Алла ол кісіден разы болсын) Алла елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Сендер өздеріңнің тараптарыңнан Маған алты нәрсеге кепілдік берсеңдер, Мен сендерге Жәннатқа кепіл боламын: егер сөйлейтін болсаңдар, шындықты ғана айтыңдар, егер уәде берсеңдер, уәделеріңе берік болыңдар, егер сендерге аманат етілсе, аманатты орындауда опалы болыңдар, ұятты жерлеріңді (арсыздықтан) сақтаңдар, көздеріңді (арам нәрселерге қараудан) тыйыңдар, қолдарыңды (өзгелерге көтеруден) тыйылып, тартыңдар».

 

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Имам Ахмад, Ибн Хиббан, әл-Хаким секілді хадисшілерден жеткен Өзінің жоғарыдағы айтылған хадисінде әрбір мүміннің жәннатқа кіруіне кепіл болатын әрі қай кезеңде, қай қоғамда болмасын адамзатты көркем мінез құндылығына тәрбиелейтін сипаттар баян етілген. Соның ішінде уәдеге берік болу шыншылдықтан кейінгі екінші орында.

 

«Әлімсақтан бері мұсылманмын» деген ата-бабамыздың ұғымында адамның адамгершілігі оның уәдеге беріктігімен, басқадан артықшылығы уәдесін орындай алатын мықтылығымен өлшенген. Яғни, уәденің өмірдегі маңызы жайлы ескіден жеткен:

Жерден жердің несі кем?

Егін шықса, гүл өссе.

Ерден ердің несі кем?

Уәдесін үде етсе, – деп келетін мағыналы жыр шумағы осы сөздеріміздің дәлелі болса керек.

 

Дала заңымен өмір сүрген қазақ халқы бір ауыз сөзге тоқтап серттесіп, ант-су ішіп уәделескен. Уәдесінде тұрмаған ел-жұртының сый-құрметінен айырылатын. Өйткені оған деген сенім жоғалады. Әдебиет зерттеуші ғалым, сыншы Дандай Ысқақ қазақ халқы сөз құдіретін жете түсінген дейді.

 

– Сөз – адамның тағдыры. Төбені көкке жеткізетін де, табанға салып таптайтын да сөз. Сөздің адам тағдырына, қала берді өзге тіршілік иелеріне әсер ететіні қазір ғылыми дәлелденіп отыр. Осыны баяғыда-ақ жақсы түсінген елге танымал тұлғалар, билер қағаз, қалам жоқ кезде сөз құдіретін жақсы пайдаланған. Сонымен қатар, елді аузына қарата білген шешен болумен қатар, сөзіне сендіре білуді үлкен өнер санаған. Сөзге сендіру деген серттесу, уәдеде тұру. Сондықтан би-шешендердің куәлік етуімен жасалған сертті ешкім бұзбаған. Тіпті, қызға берген уәдесінде тұрмаған жігіттің сыйы кеткен. «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» деген мақал осыдан қалған.

 

Уәдеде құн қалмады

 

Қазақ құндылықтарын зерттеп жүрген журналист Жұмахмет Жайлаубаев «Өтірікшінің куәсі жанында жүреді» деген заманда өмір сүріп жатырмыз дейді.

 

– Соңғы кездері ант, уәде, міндет дегендер құнсызданып кетті. Мысалы, жұмыс берушілер жұмысшыларға келісілген жалақысын бермей сергелдеңге салса, жарнамасын жарқылдатып баспана салып береміз дегендер салымшыларын сандалтып, соттың табалдырығын тоздыртып жүргенін көріп жүрміз. Тіпті, ағайынды адамдар да бір-бірін аямайтын жағдайға жетті. «Мен көрдім ғашық жардан уәдесіздік, Өмірдің қызығынан күдер үздік» деп жүрегі суынған, жаны жараланған Абай заманындағы уәдесіздік бүгіндері баланың ойыны сияқты болып қалғандай.

 

Ең өкініштісі, осының барлығы белгілі бір адамдардың уәдесіне сеніп алданып қалғандардың ғана проблемасы деп қарайтындығымызда. Немқұрайлылықтың көрігін қыздырып, жауапкершіліктің жүгін көтере алмайтын рухы әлсіз ұрпақ өсіріп жатқандығымызда. Жалған уәде беретіндерге, антын бұзатындарға, өтірік айтатындарға етіміз үйреніп, көңіліміз көнді.

 

Бұрындары ант – ардың шекарасы, пәни мен бақиға бірдей жүретін кепілдік еді. Өйткені ант – Құранда жазылғандай Алланың өзі куәлікке жүретін рәсім. Әскер қатарына барғанда «қасық қаным қалғанша отанымды қорғаймын», үйленген кезде «жұбайыма адал боламын» деп ант-су ішіп уәде береміз. Бірақ, Алланың өзін куәгерлікке шақырып тұрғанымызды білеміз бе? Құран Кәрімнің Әли-Ғимран сүресінде: «...Анттарыңды бұзбаңдар, өйткені ант берген кезде сендерге Құдайдың өзі кепіл болады» деген аят бар. «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес» деп Абай айтқандай уәде беру, уәдеде тұрмау түк болмай қалды, – дейді Жұмахмет Жайлаубаев.

 

Ойланған жанға ғалымдарымыздың уәдеге қатысты осы сөздері бүгінгі келбетімізді ашып бергендей.

 

Уәдеге берік болудың пайдалары мен оның адамға әсері

 

Біріншіден, тақуалыққа қол жеткіземіз. Аллаға берген сертімізді шамамыз келгенінше орындай алсақ, құлшылықтарымызды атқарып, ізгі амалдарды өндіре алсақ, онда Құранда айтылған «әл-мисақ» серттесу сәтіндегі уәдемізге опалы болғанымыз. Міне, сол арқылы тақуалыққа қол жеткізген боламыз.

 

Екіншіден, Алланың махаббатына иеленеміз. Егер уәделерімізде опалы болсақ, тіпті дұшпандарымызбен де уәделескен, серттескен кездерімізде адалдық таныта алсақ, тақуалар үшін бекем уәде етілген Алланың махаббаты біздерге адал болады.

 

Үшіншіден, дүниеде амандыққа қол жеткізіп, қан төгілмейтін бейбітшілікке кепілдік аламыз.

 

Төртіншіден, мән-мағынаға толы көркем өмір сүріп, Алланың жанында уәде етілген ұлы сыйға қол жеткізеріміз сөзсіз.

 

Бесіншіден, қателіктеріміз өшіріліп, мүміннің мақсатына айналған жәннатқа кіргізілеміз.

 

Опасыз адамның қияметтегі және бұл дүнедегі жазасы:

 

Алла Тағала уәдеде тұрмайтын опасыз адамды қиямет күні барлық жаратылыстың алдында масқара етеді. Ибн Омардан (ккесі екеуіне Алланың разылығы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):

 

إِذَا جَمَعَ اللَّهُ الأَوَّلِينَ وَالآخِرِينَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يُرْفَعُ لِكُلِّ غَادِرٍ لِوَاءٌ فَقِيلَ هَذِهِ غَدْرَةُ فُلاَنِ بْنِ فُلاَنٍ

 

«Қиямет күні Алла алдыңғылар мен соңғыларды жинаған сәтте, әрбір опасыздың туы көтеріледі. Содан соң: «Бұл пәленше ұлы пәленшенің опасыздығы», – деп айтылады».

 

Алла елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтты:

 

مَا نَقَضَ قَوْمٌ الْعَهْدَ إِلا كَانَ الْقَتْلُ بَيْنَهُمْ ، وَلا ظَهَرَتْ فَاحِشَةٌ قَطُّ إِلا سَلَّطَ اللَّهُ عَلَيْهِمُ الْمَوْتَ ، وَلا مَنَعَ قَوْمٌ الزَّكَاةَ إِلا حُبِسَ عَنْهُمُ الْقَطْرُ

 

«Қайсы бір қауым уәдені бұзатын болса, олардың ортасында өлтіру (соғыс) орын алады. Қайсы бір қауымның арасынан арсыздық белең алса, Алла сол жерде өлім-жітімді үстем етеді. Қайсы бір қауым зекет беруден бас тартса,  сол жерге жауын-шашын доғарылады», – деп ескерткен. (Хадисті имам ат-Табарани риуаят етті).

 

Сөзіміздің соңын дана халқымыздың салмағы зілді келген мына мақал сөзімен аяқтағым келіп отыр. Бір ауыз сөзге тоқтай білген асыл халқымыз: «Уәде бұзған кісіден, өтіп кеткен жел артық», – деу арқылы сертке адал болу, уәдеге беріктік таныту сипаттарының көшпелі қазақ мәдениетінің берік тұтқасы болғанынан хабар беріп тұр.

 

Әлемдердің Раббысы бізді де, ұрпақтарымызды да қашанда уәдеге берік, сертіне адал етсін!

 

Жомарт КЕРШЕЕВ,

Алматы қаласы Алатау ауданы "Әл-Азим" мешітінің наиб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Құрбандық орнына садақа беруге бола ма? Түрлі жаманшылықтан және жұқпалы аурулардан сақтану үшін оқылатын дұғалар

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) Нәпсі тәрбиесі
Адамдардың нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген төл уәзипаларының бірі. Құранда Алла Тағала: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға: Кітап, даналық үйрететін бір...
Әдеп (этика) Мейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз
Mейірім – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы. Ол рақым шуағынан тарайтын этика нормасы. Мемлекет басшысының отандастарына, имамның жамағатқа, әке-шешенің балаларына, байдың кедейге, денсаулығы дәрменділердің науқастарға жанашырлығы мейірімділіктен туындаса ке...
Әдеп (этика) Тіл оразасы
Көзді ашып-жұмғанша он екі айдың сұлтаны болған, адамдарды тура жолға бастаушы, хақ пен батылды ажыратушы Алланың соңғы кітабы Құран Кәрім түсірілген, ораза ұстау мұсылмандарға парыз етілген Рамазан айының бірнеше күні өте шықты....
Әдеп (этика) Аталарымыздың түсінген ұят ұғымы бүгін неліктен «ұят» саналуда?
Ата-бабамыздың «өлімнен ұят күшті», «ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым», «малым жанымның садағасы, арым жанымның садағасы», деп өмір қағидасына айналдырып, жоғары баға берген «ұят» сезімі өкінішке орай қазіргі таңда жүрегімізде азайып, мүлдем жоғалып бара жатқандай. Олай дейтініміз қазіргі қоғам...
Әдеп (этика) Біздің қоғамға махаббат діні керек
Бүгінде уахаби, салафи, сопылық, сопылық емес, ханафи деп жүргенде, біраз азаматтардың көкірегінде дінге деген күмәнін қоюлатып алды. Дін десеңіз, тіпті ханафи мазһабы болса да, діни бір мәселені айтсаңыз, “арабқұлдар” дейтін болды. Тікелей араб әлемімен байланыстыратын болды. Бұл – өте бір қауіпті ...
Әдеп (этика) Ибраһим ҚҰНАНБАЙҰЛЫ: «Шын илан да, таза ойла бір иманды...»
Бүгін, яғни 23 тамыз – қазақтың маңдайына біткен ұлы ақыны, хәкім Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туған күні. Қадірлі оқырман, айтулы күннің құрметіне орай, дана ойшылымыздың дін мен арлылық, адамгершілік пен имандылық тақырыбында қалам тербеген бес өлеңін назарларыңызға ұсынамыз....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 03:56

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi