Оразадағы ықылас
Атырау
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 19:20
Атырау
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Атырау
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:18 08:45 13:22 16:08 17:53 19:20
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Оразадағы ықылас

| A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 

Ислам дінінде адал ниет, шын ықылас, қажырлы ыждағат-ынтаның орны ерекше. Бөтен пиғылды ысырып қойып, түзу ниетпен орындалған істің сауабы мол. Керісінше, ықылассыз, құлықсыз жасалған іс-амалдың сауабы да кемшін. Кейде нақты ниетсіз жасалған көп істен гөрі ықылас қойып орындалған аз істің сауап салмағы басым түсуі ықтимал.

 

Расында, ғибадат-құлшылықтағы ең басты талаптардың бірі – ықылас. Алла Тағала Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға ықыласты түрде құлшылық етуге бұйырылдым деп айт», - деп әмір еткен («Зумәр» сүресі, 39-аят). Ал «Ағраф» сүресінің 29-аятында: «Сондай-ақ, әрбір мешітте Аллаға ықылас қойған күйде жүздеріңді бұрып, дұға етіңдер», - деген. Ықылассыз жасалған, жүрдім-бардым орындалған амалдың сауабы да кем, сүннетке де сай емес.

 

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деген: «Үш істі істеген мұсылманның жүрегі өшпенділіктен пәк болады: іс-амалды Аллаға деген шынайы ықыласпен орындау, мұсылмандардың басшыларына адалдық және жамағаттарынан ажырамау» (Термизи).

 

Имам Ахмет Әбу Зәрдан (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегін иманына ықыласты еткен, жүрегін аман-сау етіп сақтаған, нәпсісін тыныштандырған, мінез-құлқын туралап, түзеткен, құлағы мен көзін сақтаған жан тозақтан құтылады», - деген.

 

Асылында, Алла Тағаланың разылығына жеткізетін ең басты жол – ниеттің адалдығы, ынта-ықыластың шынайылығы. Абай хәкім айтқандай:

 

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі Хаққа жол емес.

Халық даналығы да «Көңілсіз басталған іс көпке бармайды» дейді.

 

Құдайға шүкір, қасиетті Рамазан айының ортасына да жеттік. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Бұл айдың басы – Алланың рақымы, ортасы – кешірімі, ал соңы – пенделерін тозақтан құтқаратын кезеңі», - деген. Міне, осы қасиетті айдың ортасындамыз, яғни мағфират, кешірім күндеріндеміз. Алла Тағала барлық ораза тұтушылардың оразаларын, ғибадаттарын қабыл алғай!

 

Шүкір, қазір жамағаттың барлығы ораза тұтып жатыр. Халайықтың аузы берік. Дей тұрғанмен, осы ораза ғибадатын ойдағыдай орындап жүрміз бе? Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім Рамазан айын аса иманды түрде әрі сауабын Алладан тілеп тұтатын болса, оның бұрынғы күнәларының барлығы да кешіріледі. Кімде-кім Рамазан айында аса иманды түрде әрі сауабын Алладан тілеп намаз оқитын болса, оның бұрынғы күнәларының барлығы да кешіріледі» (Бұхари мен Муслім). Оразаны осы хадисте айтылғандай кәміл ықылас, сипатта тұтып жатырмыз ба? Әлде тезірек құтылсақ деген ниетпен жүрміз бе?

 

Біз ораза парызын шын ықыласымызбен, Аллаға деген шынайы ниетпен орындауымыз керек. Өйткені ораза тек ішіп-жемнен тыйылу ғана емес, сонымен бірге жаман әдеттерден, дөрекі сөздерден, теріс мінез-құлықтардан арылу. Ықылас, ниетті жалғыз Аллаға арнап, өзін-өзі тәрбиелеу, нәпсімен күресу. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Расында, Алла өтірік айтуын доғармаған біреудің ішіп-жемін тоқтатқанына мұқтаж емес». Тағы бір хадисте: «Қаншама ораза тұтушылар бар, олардың бар тапқаны пайдасы – шөлдеу ғана», - деп ораза ережелерін дұрыс сақтамаған кейбір адамдардың оразасының қабыл болмайтындығын ескерткен.

 

Ендеше, оразамыздағы ықылас-ниетімізді берік етіп, сауабын кемітетін нәрселерден сақ болайық! Өйткені Жаратушы Хақ Тағаланың тікелей Өзіне ғана арналған бұл өте қадірлі, аса құрметті ғибадат. Расында, пенденің әрбір жақсы әрекет-амалының сауабы жеті жүз есеге дейін көбейеді. Құдси хадисте Алла Тағала былай деген: «Оразадан басқасы. Өйткені оразаны ол Мен үшін тұтады, сондықтан да оның сыйын Өзім беремін. Ол Мен үшін қызықтардан, ішіп-жемнен бас тартты». Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадистерінде былай дейді: «Расында, ораза тұтушыны екі қуаныш күтеді: біріншісі оразасын ашқанда, ал екіншісі Раббысымен кездескенде». «Шындығында, ораза тұтушының аузынан шыққан иіс Алла үшін хош иісті мисктен артық».

 

Шындығында, оразадағы ықыластың орны өзгеше. Рамазан айы – мүмін пенденің ықылас-ниетінің сыналатын кезеңі. Өйткені, оразашының аузының беріктігі, қаншалықты дұрыс ұстап жүргендігі өзі мен бір Аллаға ғана аян. Сол үшін мұнда рияға мүлде жол жоқ. Ораза мұсылманның Раббы разылығы үшін бағыттаған жүректегі ықылас-ниетін сырт көзге білдірмей одан әрі түзеуіне, шыңдай түсуіне жол ашады. Сондықтан да Алла Тағала бұл ғибадатты: «Бұл – Мені мен құлымның арамыздағы іс. Оның сауабын Өзім беремін» деп айрықша еткен. Оразаны өз деңгейінде тұтқан мүмін ықыласты салиқалылардың қатарында болады. Ықыластың өзегі – Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету. Хадисте айтылатын ихсан дәрежесі деген осы.

 

Күндіз тұтқан оразасы мен түнде оқыған Құраны әрбір мұсылманның шапағатшысы. Имам Ахмет риуаят еткен хадисте Алланың Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Қиямет күні Раббының алдында ораза мен Құран пендеге арашашы болады. Ораза: «Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жемнен тыйған едім. Енді мен оған арашашы боламын», - дейді. Құран болса: «Мен оны түнде ұйқысынан айырып едім, сол үшін оған арашашы боламын», - дейді. Сөйтіп, ол екеуінің шапағаттары қабыл етіледі».

 

Хадисте айтылғандай, Рамазан айының ортаңғы онкүндігі мағфират, соңғы онкүндігі тозақтан құтылу күндері. Алла Тағала бір аятта былай дейді: «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жер мен көктердей болатын жәннатқа асығыңдар» («Әли Имран» сүресі, 133-аят).

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Жәннатта ар-Раййан атты қақпа бар. Оған тек ораза тұтушылар ғана кіреді. Олар кіріп болған кезде ол қақпа жабылады да, одан кейін ашылмайды. Сөйтіп басқалар кіре алмайды». Алла Тағала оразамызды қабыл алып, жәннаттың ар-Раййан қақпасынан кіретін құлдарының қатарынан етсін!

 

Алдымызда мың айдан да артық саналатын қасиетті Қадір түні келе жатыр. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшы-лықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. Жылына бір рет келетін осы қайталанбас мұрсатты қалт жібермей, Жаратқан Иеден жарылқау тілейік! Қадір түнін көбірек нәпіл намаздар мен Құран оқып, тәубе етіп, кешірім сұрап, тәсбих-зікірмен, өзімізге, елімізге дұға-тілекпен өткізейік!

 

Әрине, пенде болған соң ораза кезінде сауабын кемітетін ірілі-ұсақты кемшіліктердің болуы заңды. Аталған кемшіліктердің орнын толтыратын нәрсе, ол – пітір садақасы. Адам баласы әлсіз жаратылған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза айында әрбір мұсылманға пітір садақасын беруге бұйырды. Пітір садақасының сырын Абдулла ибн Аббас (р.а.) былайша түсіндіреді: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазан айындағы ораза кезінде жіберілген қателіктерді тазарту әрі міскіндердің қуанышы үшін ораза тұтушыға пітір садақасын беруді міндет етті». Әрбір мұсылман үшін уәжіп саналатын осы пітір садақасын тарыққандарға таратып, оразамыздың кем-кетігін толтырайық!

 

Алла Тағала бәрімізді Өзінің сүйікті, шын ықыласты-мұхлис құлдарының қатарына қоссын! Әрбір ісімізде ықыласты болуымызды нәсіп етсін! Алла Тағала баршамызды оразаны шын ықыласпен ойдағыдай атқарып, тәкбірмен айт намазын оқуды нәсіп етсін! Оразамызды, ғибадаттарымызды қабыл алсын! Елімізге амандық-саулық, ауызбірлік, бейбітшілік бергей! Әумин!

 

«Иман» журналы, №5, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма? Еркінбек ШОҚАЙ: Барша ораза ұстаушыларды ел амандығы үшін дұға етуге шақырамын

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат Төрәлі Қыдыр: «Егер мұсылман елдері өзін таныса…»
Қай ел болса да, дін мәселесі – ең өзекті тақырып. Өткенін танымаған, ата дәстүрін, тарихын, діни танымын жете түсінбеген ұрпақ адасқақ. Жаңбыр суы жердің қай қыртысы жыра болса, көбіне сол жерге жиналады. Мына бір тәмсілге назар салыңыз: әр адам идеал емес, кемшіліксіз пенде болмақ емес. Ал денедег...
Пайым-парасат Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Имамдар тек шариғи емес, дүнияуи де білімге ие болуы тиіс
Имамдар сауатты болу керектігі, теріс ағыммен күресетін білікті мамандар дайындау қажеттілігі – бүгінгі талап. Ағартушылық жұмыстарын жүргізу мәселесі де аса маңызды. Осы ретте біздің «Жеті рухани қазық» құжаттамамыз бар. Соның аясында имандылық, отансүйгіштік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, ауызбіршіл...
Пайым-парасат Білімге құштарлық
Білімге құштарлық – адамның жаратылыстық қасиеті. Биыл ел болып 175 жылдығын атап өткелі отырған қазақтың данасы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы өзінің жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары... Біреуі – б...
Пайым-парасат Имандылық – рухани қазығымыз
Иман дегеніміз – Алла Тағаланың барлығына, бірлігіне сену һәм Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, Ахирет күніне, жақсылы-жаманды тағдырға, өлгеннен соң қайта тірілуге кәміл иман ету....
Пайым-парасат Атақты математик Хорезмидің керемет тәмсілі
Ертеде өмір сүрген əйгілі математик Хорезмиден адам жайында сұраған екен. Сонда Хорезми адамды былай деп талдап беріпті:
Пайым-парасат Таным терапиясы
Расында, дін – нәзік сала. Өйткені, адам баласы иманға жүрек қалауымен келеді. Ашығын айтқанда, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі бейнебір археологтардың жұмыс бағытына сәйкес келетін аманаты үлкен сала....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:20

Бамдатқа дейін 01:34

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi