«ӘБУ БӘКІР» МЕШІТІНДЕ ХАЛАЛ ДАМУ ӨКІЛДЕРІ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігі, Наурызбай аудандық «Әбу Бәкір» мешітінде «Расында халал - белгілі, харам да белгілі...» атты семинар болып өтті.
Семинар қасиетті Құран аяттарымен басталып, Наурызбай ауданының бас имамы Нұрбол Тағаев дұға жасап семинарға сәттілік тіледі. Наурызбай ауданы бойынша “Халал дамуға” жауапты бақылаушысы Ерлан Құлмырзаұлының ұйымдастыруымен өткен семинарда «Халал даму» ЖШС Алматы қаласы бойынша өкілі Маратхан Мұхтарханұлы және технолог Әселхан Сәбитқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС өкілдері мен технолог мамандары тағамдардың қоспалары жайында, тексеріс тәртібін, зертханаларын және серіктестерін таныстырып өтті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі