ЖЕТІСУ АУДАНЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚТАР ТАРАТТЫ
Жетісу ауданына қарасты «Әл-Мәдина» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық коммуналдық шаруа қызметкерлеріне ыстық тамақтар үлестірілді.
«Әл-Мәдина» мешітінің бас имамы Бақытжан Көптілеуовтің бастамасымен мешіт имамдары, аязды күнге қарамастан аудан көшелерінде қызметін жалғастырып жүрген «Алматы тазалық» жұмыскерлеріне шәй таратып, қақаған аязда жылу сыйлап, көңілдерін жылытуға себеп болды. Ал осы ауданға қарасты «Абай Құнанбайұлы» мешітінің имамдары тегін такси қызметін ұйымдастырып, суыққа тоңған жолаушыларды үйлеріне тегін жеткізіп берді.
Атсалысқан барша азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі