АЛМАТЫ: АБАЙ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДА ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Алматы қаласы Түрксіб аудандық "Фирали Ферғанұлы" мешітінің бас имамы Абдраманов Ержан Үсенұлы Абай атындағы мектеп-интернатта танымдық кездесу өткізді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен биылғы жыл "Балалар жылы" деп жариялануына орай Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен мешіт имамдары мен ұстаздары шәкірт-тәрбиеленуші балалармен кездесу ұйымдастыру қолға алынды. Кездесуде Түрксіб ауданының бас имамы Ержан Үсенұлы Абай атындағы мектеп-интернаты шәкірттеріне адамгершілік құндылықтар, адалдық, тазалық жайлы сөз қозғап, діни экстремизмнің қоғамға зияны туралы мектеп оқушыларына тәлімі терең ғибратты әңгімелер айтты. Жас-жеткіншек шәкірттер рухани азық болар өнегелі кездесуден зор әсер алды. Кездесу барысында бірқатар сұрақ-жауаптар алмасып, шәкірттер жүрегіндегі орамды ойлар талқыланды.