АЛМАТЫ: АЛАТАУ АУДАНЫНДА ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау аудандық "Бекет ата" мешітінде "Мешітке қадам - құлшылық" атты тақырыпта жергілікті жамағатпен кездесу өтті .
Кездесуді ұйымдастырушы Алатау аудандық "Бекет ата" мешітінің бас имамы Амантай Садиев және ҚМДБ РАНТ мүшесі Ахметов Мади Айдарханұлы мен Тараз қаласының бас имамы Дәуренбеков Орынбасар Орынбайұлы жергілікті жамағатқа уағыз айттты. Ел тыныштығы мен адам руханияты, мешіт әдебі жайлы уағыз-насихат айтылып, жамағатпен сұрақ-жауаптар алмасты. Жиынға мешіт жамағатынан жүз елу адам қатысты. Әсерлі уағыз бен көкейде жүрген сұрақтарға жауап алған жамағат ризашылық көңілін білдірді. Жамағатпен тығыз қарым-қатынас мақсатында дін қызметкерлері мен аудан мешіттерінің имамдары және жамағатқа арнайы дастархан жайылды.