Алматы: балалар үйінің бүлдіршіндеріне ауызашар берілді
Кеше, Алматы облысы Талғар ауданына қарасты «Нұр» балалар үйінің 40-қа жуық тәрбиеленушілері Алматы қалалық Орталық мешітінде қонақта болып, ауызашар дастарханынан дәм татты.
ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты маманы Ермек Көкірбаев балаларға Рамазан айының қадір-қасиеті мен жақсылықтары туралы уағыз айтты. Сондай-ақ, жеткіншектерді адал еңбекке үндеп, өмір сүруге жігерлендіретін ақыл-кеңестерін жеткізді.
Соңынан «Жастар ісі» секторы балаларға бағалы сыйлықтар табыстап, қамкөңілдерін көтеріп, мәре-сәре етті.