Фото: «Байкен» мешітінде алғашқы хатым дұғасы жасалды
Кеше, Алматы қаласы «Байкен» мешітінде, тарауих намазынан кейін, 20 күн бойы оқылған Құранның хатым дұғасы жасалды. Хатым дұғасын ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы жасады.
Өкіл имам, хатым Құран дұғасында, ең алдымен, Алла Тағаладан ел-жұртымыздың тыныштығын, отбасымыздың амандығын, деніміздің саулығын, жасаған ізгі амалдарымыз бен құлшылықтарымыздың қабыл болуын тіледі. Алдағы Қадір түні мен ораза айтына, Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетуге, сондай-ақ, Алла Тағаладан хатым Құранға қатысқандардың дүға-тілектерін қабыл етіп, үлкен сауаптардан жазсын деп дұға етті.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы Орталық мешітінде Құран хатым дұғасы 2 маусым күні жасалады.