АЛМАТЫ: "БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Білімді мыңды жығар» шәкірттер арасында білім сайысы өтті.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өткен "Білімді мыңды жығар" білім сайысына өкілдікке қарасты аудандық мешіттерден ерлер арасында іріктелген шәкірттер командасы бақ сынасты. Интеллектуалды куиз ойыны арқылы өткен білім сайысы қызықты әрі тартысты толы болды. Алматы Орталық мешітінде өткізілген білім сайысы Azan.kz ютуб каналы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. 5 шәкірттен құралған 8 команда арсынан әділ қазы алқалары үздік үштікті анықтады. Жүлделі ІІІ орын 100 000 теңгені Әуезов ауданы атынан сайысқа түскен шәкірттер иеленсе, ІІ орын 200 000 теңге сыйақыға Наурызбай ауданының шәкірттері лайықты деп табылды. Ал жүлделі І орын 300 000 теңге Алматы Орталық мешітінің атынан шыққан шәкірттерге бұйырды. "Білім сайысын өткізудегі мақсат - өскелең ұрпаққа Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттап, жастар арасында ислам тарихын терең меңгеруге жетелеу. Жастарды ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу жолы да осындай білім сайыстары арқылы жүзеге асыру тиімді болмақ", - деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан. Сайысқа қаржылай демеушілік көрсеткен кәсіпкер Жасұлан Айтмұхамедұлына алғыс хат табыстап, кәсібіне береке тілеп ризашылық көңіл білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі