Алматы: көшпелі жиналыс Әуезов және Алмалы аудандарында болып өтті (ФОТО)
Кеше, Алматы қаласының Алмалы ауданына қарасты Төлеби мешітінде Алматы қаласының өкілі, бас имам Еркінбек қари Керімбекұлының қатысуымен кезекті көшпелі жиналыс болып өтті. Басқосуға Әуезов және Алмалы аудандарының бас имамдары, наиб имамдары, ұстаздары және азаншылары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – жыл басында ҚМДБ және Алматы Орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысын талдау, атқарылған шаруалардың есебін білу, әрі алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстардың жоспарымен танысу.
Көшпелі жиналысты бас имам сөз сөйлеп, жүргізіп отырды.
Бас имам өз сөзінде, ең алдымен, ағымдағы жылы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен жасалған істер мен тың бастамалардың бір парасына тоқталып өтті. Сонымен қатар, көшпелі жиналыстың мән-маңызына тоқталып, діни қызмет пен мешіт істерін үйлестіру бойынша ойын жеткізді.
Сосын Төлеби мешітінің наиб имамы Сатыбалдиев Асқарғали мен Ақсай мешітінің наиб имамы Абишев Қуаныш аудан мешіттерінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, мешіт істерін үйлестіру бойынша баяндама жасады.
Ал, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ашимов Қасым жыл басында берілген тапсырмалар бойынша аудан мешіттерінің атқарған жұмыстары туралы сараптама жасап, баяндамасын оқыды.
Соңынада Бас имам Әуезов және Алмалы аудандарының жақсы көтсеткіштеріне оң баға беріп, кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін білдірді.
Azan.kz