Алматы: көшпелі жиналыс Наурызбай ауданымен аяқталды (ФОТО)
Жыл басынан ҚМДБ және Алматы қаласы Орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы мен мешіт ісінің жай-күйімен танысу мақсатында, қыркүйек айында, Алматы қаласына қарасты аудандарда көшпелі жиналыс өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, жеті ауданда жиын өтіп, соңғы көшпелі жиналыс Наурызбай ауданымен аяқталды.
«Әбу Бәкір» мешітінде Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Шоқайдың қатысуымен өткен басқосуға Наурызбай ауданының бас имамдары, наиб имамдары, ұстаздары, іс басқарушылары және азаншылары қатысты.
Көшпелі жиналысты бас имам сөз сөйлеп, жүргізіп отырды.
Бас имам өз сөзінде ағымдағы жылы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен жасалған істер мен тың бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ мешіт имамдарының жауапкершілік қызметін арттыру, этикалық ұстанымын айқындау және тұлғалық келбетін қалыптастыру, мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағартушылық және шаруашылық жұмыстарын жандандыру сынды мәселелерді тілге тиек етті.
Одан кейін Әбу Бәкір мешітінің наиб имамы Бердібеков Айдос Наурызбай ауданы мешіттерінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, дін жолында аянбай тер төгіп келе жатқан діни мамандарының орны мен қызметіне тоқталып өтті.
Сосын Қарағайлы мешітінің бас имамы Қасымалиев Бақтияр мешіт қызметкерлерінің белсенді жұмыс нәтжиесін көрсетуі үшін қолданылатын нақты ұсыныс-пікірлерін айтты.
Ал, Орталық мешітінің наиб имамы Көкірекбаев Ермек №1, №2 хаттамаларда берілген тапсырмалар бойынша аудан мешіттерінің атқарған жұмыстарына сараптамалық баяндама жасады.
Соңында бас имам Наурызбай ауданының жақсы көтсеткіштеріне оң баға беріп, кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін білдірді.
Azan.kz