Алматы: Өкіл имам баспасөз мәслихатын өткізді
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Жаңалықтар

Алматы: Өкіл имам баспасөз мәслихатын өткізді

Бүгін, Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы ғимаратында қасиетті Рамазан айының қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді. 

Бұл алқалы басқосуға Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамдары Ерсін Әміре ен Ермек Көкірекбаев және бас ұстазы Талғат Сапанов, шариғат мәселелері бойынша Алматы қаласы өкіл имамның кеңесшісі Бауыржан Әлиұлы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. 

Өкіл имам баспасөз маслихатын сөз сөйлеп жүргізіп отырды.

Өкіл имам: «Айлардың сұлтаны Рамазан  айы – Алланың адамзатқа тарту еткен ең ұлы нығметтерінің бірі. Бұл айда Хақтың ұлы хабары – Құран түскен. Бұл айда мың айдан да абзал болған Қадір түні бар. Сонымен қатар, бұл айда біздер Алланың бес парызының бірі – Оразаны шын ықыласпен Алланың разылығы үшін тұтып, ауыз бекітеміз. Және бұл ай – сауаптардың еселеніп, тозақ есіктері жабылып, Жәннаттың есіктері айқара ашық тұратын ай. Сондықтан бұл ай – мұсылмандарың ең ұлы мүмкіндік айы десек болады», – деді.

Сосын өкіл имам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің Рамазан айына байланысты халыққа жасаған үндеуіне тоқталды. Онда Ғылыми зерттеулер мен шариғи мәтіндерге сүйене отырып, ҚМДБ ғұламалар кеңесі отандық астрономиялық зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып Рамазан айының бірінші күнін – 6 мамыр деп бекіткенін айтты. Сондай-ақ, 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн – Қадір түні, Айт мерекесі 5-ші маусымға сәйкес келетінін жеткізіп, еліміз бойынша пітір садақасы – 300 теңге құрағанын хабардар етті. 

Содан кейін өкіл имам Рамазан айында Алматы қаласы бойынша атқарылатын төмендегі бірқатар іс-шараларды атап өтті. 

Ауызашарлар:
Алматы қаласындағы 8 ауданның барлық мешіттерінде кешкі ауызашар дастархандары жайылып, ифтар берілетін болады. Ал, Алматы Орталық мешітінде күнделікті 500 адамға дейін ауызашар дастарханын ұйымдастыру жоспарлануда. 

Білім сайыстары:
Алматы Орталық мешітінде күнделікті (дүйсенбі - сенбі күндері аралығында) екінті мен ақшам намаздарының аралығында діни білім алып жүрген жамағатқа арналған «Раббым! Білімімді арттыр!» интеллектуалдық сайысы өткізіліп отырса, Бостандық ауданы мешіттерінде "Рамазанда өзіңізге есеп беріп көріңіз" жарысы ұйымдастырылмақ.

Құран хатымдары:
Алматы қаласындағы 50 мешітте тарауық намаздары өткізілсе, оның  46-сында тарауық намаздарында Құран Кәрім толықтай хатым етіледі. 

Қайырымдылық:
Рамазан қайырымдылық айы болғандықтан, қасиетті айда қала мешіттері тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, қамыққан көңілдерге қуаныш сыйланады.
Сондай-ақ, Жандосов-Шәймерденов, Рысқұлов-Райымбек көшелерінің қиылысында кептелісте тұрып қалған автокөліктегілерге қала мешіттері тарапынан ауызашар пакеттері таратылып, су мен құрмамен ауыз аштыратын болады. 

Жол қатынасы:
Мешіттердегі тарауық намаздарының түнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасып, кеш аяқталатын болғандықтан, келуші жамағаттың үйлеріне қайту мәселесі ескеріліп, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен қала бойынша 4 бағытқа (Саин көшесі, Алматы-1 теміржол бекеті, Талғар трассасы және Достық даңғылы бағыттарында) жүретін бағытты автобустар кестесі ағымдағы жылдың 5 мамыры мен 4 маусым аралығында әр кеште сағат 24:00-ге дейін созылады. Оған қоса «Сұлтан Қорған» мешітінде тегін такси қызмет жолға қойылады.

Қауіпсіздік:
Рамазан бойы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен әрбір мешіттер мен жамағаттың қауіпсіздіктері ІІО қызметкерлерінің бақылауы күшейтіледі.

Кейінгі кезекте Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре сөз алып, Рамазан айының қадір-қасиеті мен дініміздегі орны туралы айтты.

Ал, шариғат мәселелері бойынша Алматы қаласы өкіл имамның кеңесшісі Бауыржан Әлиұлы тілшілер тарапынан қойылған діни сауалдарға тұщымды жауап берді.

Жиын соңында БАҚ өкілдеріне ҚМДБ-ның қолдауымен жарық көрген жаңа кітаптар таныстырылып, сыйға тартылды. 

Алла Тағала кіріп келе жатқан Рамазан айымызды құтты да берекелі етсін.

azan.kz

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алматы: «Ынтымақ» мешітінде Бірлік күні аталып өтті (ФОТО)
Бүгін, Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты «Ынтымақ» мешітінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік – береке бастауы» атты мерекелік шара өтті.
Бас мүфти VIII республикалық Құран жарысының жеңімпазына көлік кілтін табыстады (ФОТО)
Бүгін, VIII республикалық Құран байқауына қатысқан жүлдегер қариларды марапаттау кеші, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қатысуымен, Алматы қаласы Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени бағдарламамен өтті....
VIII Республикалық Құран жарысы қатысушыларының сайысы аяқталды (ФОТО)
Бүгін, үш күндік Құран байқауының екінші күні аяқталып, жарысқа қатысушы 69 қари Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын және мәнерлеп оқу сынды төрт номинация бойынша толықтай сынақ тапсырып бітті. ...
Ұстаздар мен қатысушылардан сұхбат / VIII республикалық Құран жарысы
ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде өтуде. Жарыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші 28 сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени бағдарламамен өтетін болады....
VIII республикалық Құран жарысынан тікелей көрсетілім. 2-күн (LIVE)
ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде өтуде. Жарыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші 28 сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени бағдарламамен өтетін болады....
Алматыда VIII республикалық Құран жарысы қызу өтуде
Бүгін, ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде еліміздің 19 өңірінен келген 69 қаридың қатысуымен қызу өтуде....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 02:01

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi