Алматы Орталық мешітінде 200 отбасыға айттық сыйлық үлестірілді (ФОТО, ВИДЕО)
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің «Жүрек жылуы» бастамасы аясында Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен және мешіт жамағаты мен қала тұрғындарының Рамазан айында берген пітір-садақаларының көмегімен, Ораза айт мейрамының құрметіне, 200 отбасыға 200 айттық сыйлық қорапшалары үлестірілді.
«Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасында Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай баршаны Ораза айт мерекесімен құттықтап, Алла Тағала қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамызды, жасаған қайырымды істеріміз бен берген пітір-садақаларымызды қабыл етсін деді. Сондай-ақ, Ораза айттың шаттығы мен қуанышын сезіндіру мақсатында отбасыларға айттық сыйлық қорапшалары арнайы көліктермен үйлеріне жеткізілетінін айтты.