Алматы Орталық мешітінде мәуліт оқылды (ФОТО, ВИДЕО)
Кеше ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық Орталық мешітте Мәуліт шарасы өтті.
Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан айдың құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы Орталық мешітінің дін қызметкерлері Бекзат Сыздықов, Ержан Назарбек, Берік Үйсінбаев, Абишов Қуаныш, Мадияр Пірімқұлов және Алмалы аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре мен Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Алла елшісіне салауат айтып, Құран Кәрім сүрелерін оқып, Жаратушы Алладан еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.
Еске сала кетелік, еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты аталмыш рухани шара мешітіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі @Azan.kz_1 парақшасы мен Azan.kz Youtabe каналында тікелей эфирде көрсетілді.