АЛМАТЫ: "ҚАЛҚАМАН-2" МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан «Қалқаман-2» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.
Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғар оқып, жамағатқа бас имам қызметіне тағайындалған Руслан Қамбарды таныстырды. Ершат Ағыбайұлы «Қалқаман-2» мешітінің бұған дейінгі бас имамы, бүгінде наиб мүфти қызметіне ауысқан Кенжеәлі Мырзабаевтың сіңірген еңбегін ескеріп иығына шапан жапты. Жамағат алғыс білдіріп, дін жолындағы қызметіне жеміс тілеп, ізгі ниетін білдірді. Жаңадан тағайындалған бас имам Руслан Қамбарға сәттілік тіледі.
Қамбар Руслан Миятбекұлы.
Туған жылы: 10 тамыз, 1978 жыл.
Білімі
1)1995-1998 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт аудандық орталық мешіт-медресесі;
2)1998-2002 ж.ж. Қазақ Кувейт университеті, шетелдік филология: араб тілі мен әдебиеті мамандығы;
3) 2010 жылы Түркия Республикасы, Болу қаласындағы шетелдік имамдардың білімін жетілдіру курсы;
4) 2016-2018 ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, Дінтану магистрі.
5) 2018 жылдан «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті «Дінтану» PhD-докторанты
Еңбек өтілі:
1) 2002-2004 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық академиясының араб тілі оқытушысы;
2) 2005-2007 ж.ж. ҚМДБ, Мешіт істері және қажылық бөлімінің референті;
3) 2007-2010 ж.ж. Астана қаласы, «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы;
4) 2010-2014 ж.ж. Астана қаласы, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;
5) 2014-2017 ж.ж. Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы және «muslim.kz» ресми порталының сарапшысы;
6)2018 жылы наурыз-тамыз аралығында Астана қаласы, «Нұр Астана» орталық мешітінің Сауат ашу бөлімінің директоры;
7) 2018 жылы қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы, «Нұр Мүбарак» оқу әдістемелік мешітінің наиб имамы.
Аударма еңбектер
1) Неке кітабы;
2) Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиеті;
3) Сүннет қазынасы;
4) Әмина – әз-пайғамбар анасы;
5) Мұсылманша мотивация еңбектерінің авторы.
Үйленген, 3 баласы бар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі