АЛМАТЫ: ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы Орталық мешітінің ұстаздары ұйымдастыруымен қыз келіншектерге арналған "Тұлғалық дамудың діни және психологиялық негіздері" тақырыбында семинар өтті.
Орталық мешіттің әйел-қыздар ұстазы Гүлмира Ілесбайқызы психология мен діннің қаншалықты бір-біріне ұштасатынын, әрбір адам жеке тұлға екенін, кісі өзін қай салаларда дамыту керек екені жайлы сөз қозғады. Семинардың басты мақсаты әлеументтік желілердегі трендке айналған "Тұлғалық даму" тақырыбын кеңінен ашу. Жалпы әйел кісіге психолог маманның көмегіне қай кезде жүгіну керектігіне кеңес берілді. Іс-шараның басты қонағы психолог, халықаралық коуч, "Отбасы психологиясы және коучинг" институты құрылтайшысы Анар Есен семинарға келген қыз-келіншектердің сұрағына жауап берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі