АЛМАТЫ: "РАМАЗАН СЫЙЫ" ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өкілдікке қарасты "Зекет және қайырымдылық" қоры ұйымдастыруымен "РАМАЗАН СЫЙЫ" таратылды.
Шарапатты Рамазан айының шапағатын сезіндіру мақсатында қала көшелері мен көпшілік орындарда 100 кісіге құрма, су және зекет анықтамасы салынған "РАМАЗАН СЫЙЫ" салынған қораптар үлестірілді. Жамағат жылы жүзбен қабылдап, ақсақалдар бата берді. Рамазан айындағы қайырымдылық игі істерге Алла сауаптар жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі