АЛМАТЫ: "ЖАҚСЫ КІТАП ЖАН АЗЫҒЫ" САЙЫСЫ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде жамағат арасында кітап оқудан сайыс өткізу қолға алынған болатын. Игі шара "Қарағайлы" қайырымдылық мекемесінде кезекті кітап оқудан сайыс өткізумен жалғасты.
Алматы қаласы Бостандық ауданы "Нұрлытау" мешітінің сондай-ақ Наурызбай ауданы "Қарағайлы" қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен оқу ағарту және жастар ісі бағыты бойынша «Жақсы кітап жан азығы» атты кітап оқу сайысының 5 кезеңі өтті. Айына бір рет өтетін бұл шараға Нұр-Мүбарак университетінің Phd докторанты, "Қалқаман" мешітінің бас имамы "Үйленбей тұрып үйрен" кітабының авторы Руслан Қамбар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Додалы сайыста мешіт жамағаты «Үйленбей тұрып үйрен» кітабы бойынша үш кезеңде өзара бақ сынады.
Білім сайысына қатысқан барлық оқырмандарға кітап авторы Руслан Қамбар кітабына қолтаңба қойып, сертификаттар табыстады. Ал сайыста оза шапқан үздіктерге ақшалай сыйақы табыс етілді. Шара соңында жамағатқа кітап жайында тағылымы мол видеороликтер көрсетілді. Руслан ұстаз білім алудың және жар тандау төңірегінде насихатын айтты. Шара соңында Руслан ұстазға және шараға демеушілік көрсеткен Нұржан есімді азаматқа қазақи дәстүрге сай шапан жауып,алғыс хат табыс етілді.
Сондай ақ келесі айда оқылатын Нұр-Мүбарак университетінің Phd докторы Нұрлан Анарбаев ұстаздың "Ораза теңдессіз құлшылық" кітабы табысталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі