АЛМАТЫ: "ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ бекіткен 7 бағыт жұмысын нығайту жұмыстары Алатау ауданы мешіттерінде жалғасын табуда.
Алатау ауданына қарасты "Нұр" мешітінде Діни оңалту бағыты бойынша "Жат ағым жарға жығады" атты семинар өтті. Семинарда дәріс жүргізген - Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы Дүнгенбек Мадияр Жанғазыұлы. Аталмыш семинарға Алатау ауданы мешіттерінің діни оңалту бағытына жауапты қызметкерлері қатысып, қазіргі жат ағым ерушілерімен сөйлесу тәсілдерін үйренді. Бірқатар сұрақтарға жауап берілді.
семинарға Алматы қаласы бойынша Діни оңалту бағытына жауапты маман Руслан Қайыргелді және РАНТ мүшелері Ахметов Мади мен Ахметов Қазбек қатысты. Айтулы шараны Алатау аудандық "Бекет ата" мешітінің бас имамы Амантай Садиев пен "Нұр" мешітінің бас имамы Сейдманов Олжас және Алатау ауданы Діни оңалту бағытына жауапты маман Асанов Бахрам ұйымдастырды. Семинарға жалпы саны 30 адам қатысты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі