Алматы: Жетісу ауданында «Рухани жеті қазық» атты семинар өтті
Алматы қаласы Жетісу ауданы әл-Мадина мешітінде аудан имамдарының қатысуымен «Жеті рухани қазық» атты семинар болып өтті.
Жиынды аудан бас имамы Көптілеуов Бақытжан Жаңбырбайұлы жүргізіп отырды. Соныменқ қатар ол «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты III республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттармен таныстырды.
Сосын әл-Мәдина мешітінің найб имамы Кертаев Бағлан "Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі" атты құжатқа тоқталды. Атап айтқанда, сәби дүниеге келгеннен бастап, дүние салғанға дейінгі 45 тармақтан тұратын діни рәсімдердің тізімімен таныстырып, бас имамнан бастап азаншыға дейінгі дін қызметкерлерінің атқаратын міндеттерін атап өтті.
Ал әл-Мәдина мешітінің ұстазы Дабылов Қайрат "ҚМДБ Құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері" құжатына жан-жақты тоқталса, әл-Мәдина мешітінің найб имамы Тлеубергенов Алпамыс "Жеті рухани қазық" атты құжатқа тоқтала келе, мәдениеттілік тақырыбына айрықша тоқталды.
Сөз соңында аудан бас имамы Көптілеуов Бақытжан форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасының мақсаты мен міндеттерін халық арасында кеңінен насихаттауды тапсырды.
Жиын соңында күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді ортаға салып, имамдарға бірқатар тапсырмалар берілді.
Әл-Мадина мешітінің баспасөз қызметі