АНА МЕН СӘБИДІҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігіне қарасты “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасында Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Сыздықов Бегежанова Айгерім мен Нығмет Жансұлудың емдеріне 150.000 теңгеден 300.000 теңге қаржылай сертификаттарын табыстады. Дертіне шипа сұрап, дәрі-дәрмек қаражатына мұқтаж болып жүрген аналар имамдар мен демеуші жандарға зор алғысын білдірді.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі