Бас мүфти мешіттегі жолаушылар бөлмесіне аялдады (ФОТО)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары кезінде Өскемен және Семей қалаларын жалғайтын жол бойындағы мешіттегі жолаушылар бөлмесіне аялдады.
Суық бұлақ кентінде орналасқан мешітке тоқтаған ҚМДБ делегациясы жолаушылар бөлмесінде болып, құлшылық үйінде атқарылған жұмыстармен танысты. Жиналыс барысында Бас мүфти ауыл имамына бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кетсек, жыл басында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы облыс имамдарына республикалық және қалалық маңызы бар үлкен тас жол бойында орналасқан мешіт жанынан жолаушылар бөлмесін ашуды тапсырған болатын.
Жолаушылар бөлмесінде тегін интернет уай-фай желісі, ыстық кофе-шәй, алғашқы медициналық көмек үшін дәрі-дәрмек салынған қобдиша, ұялы телефон қуаттандырғыш бар.
Бүгінде еліміз бойынша үлкен жол бойында орналасқан 20-дан астам мешітте жолаушылар бөлмесі бар.