ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРҒА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті.
Медеу аудандық «Омар ибн Хаттаб» мешітінің ұйымдастыруымен ерлі зайыптыларға арналған семинар тренинг өткізілді. Отбасы ұйытқысы болуы мен ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың беріктігі туралы келелі кеңестер айтылды. Семинарға қатысушы жас жұбайларға "TAL" дәмханасына 10 мың теңгелік сертификаттар табысталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі