АЛМАТЫ: УАҒЫЗ-НАСИХАТ БАҒЫТЫ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өкілдікке қарасты ҚМДБ жұмыс бағытының бірі "Уағыз және насихат" бағыты жарты жылдық жұмыс жоспарын пысықтады.
Алматы қаласы бойынша "Уағыз және насихат" бағытына жауапты Орталық мешіттің наиб имамы Бекзат Сыздықов ауданның осы бағытқа жауапты мамандарының есебін тыңдады. Мүфтият бекіткен жылдық жоспар аясындағы іс-шаралар талқыланып, алдағы жарты жылдыққа жоспарланған бағдарламалар пысықталды. Дәстүрлі дінді дәріптеуде тың ойлар мен жаңаша насихат жүргізу ұсынылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі