«Халал Даму» ЖШС: Алматы Орталық мешітінде басқосу өтті (ФОТО)
Бүгін «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан қала аудандарының жауапты бақылаушыларымен кездесу өткізді.
Келелі басқосуда жауапты өкіл Чадаев Маратхан:
«Алматы қаласы ҚМДБ-ның халал сертификатын ең көп алған аймақ. Осыған орай, қаладағы халал сертикат алған мекемелер мен өндіріс орындарын ай сайын тексеріп тұру қажет. Бұл істе аудандардың жауапты бақылаушыларының орны ерекше», – деп күн тәртібіндегі мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, жиын соңында ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасына орай, қалада ҚМДБ-ның халал стандарты бойынша жұмыс істейтін өндіріс орындарының санын көбейтуге баса назар аудару керектігі айтылды.