МӘУЛІТ-2020: Жәкен Омаров қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында Ерсін қари Әміренің Құран оқуымен басталған «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кешінде ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады.
Естеріңізге сала кетсек, Жәкен Омаров 2018 жылы орындап бастаған қазақша мәуліт жырында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуі мен қырық жасқа (пайғамбарлыққа) дейінгі өмірін баяндаған еді.
Былтыр, яғни 2019 жылғы мәуліт жыры алғашқы уахидың келуінен (пайғамбарлық миссияның басталуы) бастап Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеде дінді жаюы, сахабалардың ислам дініне кіруі, Миғраж сапары, соңында мүшріктерден қысым көргеннен Мадинаға қоныс аударуымен аяқталған-ды.
Ал биылғы мәуліт жырында Жәкен Омаров Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мадина қаласына келуінен бастап Бәдір шайқасына дейінгі кезеңді жырлап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Қазір мәуліт кешін тікелей эфирден тамашалай аласыз:
Алла бұйырса, келесі жылғы мәулітте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Бәдір шайқасынан кейінгі өмір тарихы жырланатын болады.
• Жәкен Омаровтың 2018 жылы жырлаған қазақша мәуліттің бірінші бөлімі:
• Жәкен Омаровтың 2019 жылы жырлаған қазақша мәуліттің екінші бөлімі: