Мәуліт кешінің атауымен «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты жаңа кітап жарық көрді (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан рухани онлайн мәуліт кешінің атауымен «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты жаңа кітап жарық көрді.
ҚМДБ-ға қарасты «Имам Матуриди» ғылыми-зерттеу орталығының әзірлеген бұл еңбек – ғұлама Хафиз Мұғалтай ибн Қылыш Ханафидің «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты кітабының аудармасы.
Негізінен кітапты өңдеп, ғылыми сілтемелер берген Мұхаммед Низамуддин Футаийх.
MUFTYAT баспасынан шыққан еңбекте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры мен тәлімгерлік тағылымы баяндалған.
Кітап рухани кемелдікті іздеген барша оқырман қауымға арналған. Құнды еңбектің жалпы редакциясын басқарған – Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Нұр-Мүбәрак университетінің ұстазы, белгілі ғалым Бауыржан Әлиұлы және Алматы қаласы Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әмірғе.
Еңбекті қазақ тіліне аударған – исламтанушы Ержан Досқалиұлы.
Кітап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасының және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жүргізілген сараптаманың оң қорытындысын алған.
Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 жылдары Алматыда өткен мәуліт кештерінің атауымен де қос кітап жарық көріп, оқырманға жол тартқан-ды:
· 2018 жылы «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты мәуліт кешінің атауымен «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты кітап жарық көрген;
· 2019 жылы «Әз Пайғамбар Хақ жолы» атты мәуліт кешінің атауымен «Әз Пайғамбар Хақ жолы» атты кітап жарық көрген.