НАИБ МҮФТИ САУД АРАБИЯ ЕЛШІЛІК ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Алматы қаласындағы Сауд Арабия елшілігінің өкілімен кездесті.
Елшілік ғимаратындағы екі жақты кездесу барысында Сауд Арабия елшілігінің өкілі Абдул Қадыр Әл-Әли және Халид Әл-Хамис екі қасиетті мешіт қамқоршысы үкіметі тарапынан 25 тонна құрма Қазақстан еліне сыйлық ретінде жеткізілгенін айтты. Өз кезегінде наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, сыйлық үшін алғысын білдірді. "Құрманың мекені нурлы Медина қаласынан жеткен ерекше құрмаға деген қазақ халқының құрметі Пайғамбамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншіліктің нышаны деп білерсіз", деді наиб мүфти. Екі ел бауырластығы мен ынтымағы арта берсін деп бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі