ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Түрксіб аудандық «Ынтымақ-1» мешітінің наиб имамы Сапарбек Абылай Асхатұлы және құқық қорғау органының мамандары ауданындағы №59 мектеп-гимназиясы «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында сұхбат өткізді.
Жаңа толқынның жас екпіні мен өр рухы қандай, арманы мен мақсаты бар ма, тал бесіктегі тәрбиесіне не қажет деген сауалдар кешегі ел болашағын құрған бүгінгінің көкейіндегі қордалы мәселе. Білім алушы жасөспірімдердің рухани өміріне алаңдайтын оқу орындарының басшылығы ұйымдастырған сүбелі сұхбат шәкірттер көңілінен шықты. Мектеп оқушыларын адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу жолы мен діни ақпараттарын кеңейту мақсатында арнайы мамандарға сауалдар жолданды. Сала мамандары үлкендік ақыл-кеңестерін айтып, басынан өткерген өмірлік тәжірбиелерімен бөліссе, бірі рухани маңыздылықтарға көбірек көңіл бөлді. Кездесу соңында оқушылар имандылық бағытында сұрақтарға тұщымды жауап алды. Алдағы оқу жылы барысында да рухани кездесу ұйымдастыру жұмыстары жалғасатынын айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі