ӨЗБЕКСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН ДҰҒА ЕТТІ
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына жеделхат жолдап, қақтығыстан қаза тапқан жандардың туыстарына көңіл айтты.
«Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің және Өзімнің атымнан елін қорғап қаза тапқан бауырлас қазақ халқының батыр ұлдарының туған-туыстары мен ет жақындарына көңіл айтамын. Ерлікпен қаза тапқан жандар үшін Алладан пана сұрап, олардың туыстарын сабырға шақыру – біздің міндетіміз. Алла Тағала Құранда мұсылмандардың марқұмдар үшін «...Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр!» деп дұға қылуымызды бұйырды. Сондықтан біз қашан да олар үшін дұға етеміз» делінген көңіл айту жеделхатында.