АЛМАТЫ: ИМАМДАР ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛДЫ
Қаңтар айының алғашқы күндерінде Алматы халқы бұрын соңды болмаған қиындықты бастан кешті. Бүлікшілердің кесірінен бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер қаза тапты. Осыған орай, Алматы орталық мешітінде арнайы нәпіл құрбандық шалынып, Бас имамы Төлеби Оспан бастаған аудан имамдары елдің ынтымағы үшін дұға жасалды.
Бас имам марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр, жарақат алған жандар үшін Алладан шипа сұрады. «Осындай қиындық туған кезде құрбан шалып, Құдайға жалбарыну – мұсылманшылықтың һәм ата-бабамыздың жолы. Алматы халқы осы күндері қиын сәттерді бастан кешірді. Жаратушы Иеміз мұндай сұмдықты қайта басымызға салмасын деп тілейміз», – деді Бас имам.
#КүшімізБірлікте
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі