«ҚҰРАН - ЕКІ ДҮНИЕ НЫҒМЕТІ» РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ
Алатау ауданына қарасты «Мырзахмет» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Құран- екі дүние нығметі» атты рухани кеш өтті.
Рухани негіздегі іс-шараның шымылдығын «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Мәди Айдарханұлы ашып, Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығына тоқталды. Берекелі жиында ұстаз Ахметова Маржанқыз Қасиетті Құран Кәрімнен және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен ғибратты уағыз айтты. «Сендердің жақсыларың Құранды үйреніп, басқаға үйреткендерің», - деген хадисті мешіт жамағаты жадына түйіп, асыл дініміздің қағидаттарын терең түсінуге негізделеді. Рухани кеш барысында шәкірттер Құран мен хадистен үзінділер оқып, салауат айтты. Дінімізбен бітісе қайнасқан салт-дәстүріміз халқымыздың рухани тірегі екендігі тілге тиек етілді.
Сонымен қатар «Мұғалім сәни» кітапшасын бітіріп Құранға түскен шәкірттерге марапат қағаздары берілді. Келген қонақтарға дастархан жайылып, батагөй әжелер бата берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі