"САТЫП АЛ ДА САУАП АЛ" ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен бірқатар қала мешіттерінің ауласында “Сатып ал да сауап ал” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Алматы өкілдігінің "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық жәрмеңкесінің мақсаты зат сатып алу арқылы сатып алушының қаражаты садақаға жұмсалады. Атап айтсақ қазіргі таңда көмекке өте зәру Ильшат есімді бүлдіршіннің ем алуы үшін қаражат жиналуда. Ильшатқа Германияда ота жасату қажеттігі туындаған. Жұма күні "Сатып ал да сауап ал" жәрмеңкелері арқылы түскен 750 000 теңгені Ильшатың анасы Гүлбанум Батуроваға Алматы қаласы "Зекет және қайырымдылық" қорының өкілі Темірбек Пернебекұлы табыстады. Жәрмеңкеге атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі