"ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА - ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітте мектепке жол акциясы аясындағы қайырымдылық шарасына қатысты.
ҚМДБ бекіткен жыл сайынғы дәстүрлі мектепке жол акциясы аясында бүгін Алматы қаласы бойынша бір мезетте бірқатар мешіттерде "ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА - ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР" қайырымдылық шарасы өтті. Аталмыш игі шараны Алматы өкілдігіне қарасты "Зекет және қайырымдылық" қоры ұйымдастырып, сегіз аудандық мешіттерде 100 ден 300 балаға дейін, нақтырақ айтқанда қала бойынша 1500 мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына жаңа жабдықтар салынған сөмкелер табыстады. Әр ауданнан көп балалы аналар, "Жусан" операциясы аясында елге оралған отбасының балаларына, көмекке мұқтаж отбасылар қамтылған тізім бойынша үлестірілді. Айта кетсек, Алматы қаласы әкімдігінің берген мәліметі бойынша шаһарда 210 мектеп бар, биыл 3 мектептің құрылысы толық аяқталса жыл соңына дейін 5 мектеп салу жоспарлануда.
Сауапты амалға демеушілік жасаған азаматтарға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі