"ЖОМАРТ ЖҰМА" МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА КӨМЕК БЕРДІ
ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры Алматы өкілдігі ның ұйымдастыруымен және жомарт жандардың демеуімен “ЖОМАРТ ЖҰМА” қайырымдылық шарасы аясында көмек көрсетті.
"Зекет және қайырымдылық" қорына жауапты Темірбек Пернебекұлы мүмкіндігі шектеулі 50 отбасыға 10.000 теңгелік азық-түлік сертификатын табыстады. Жақсылық турасында насихат айтып, демеушілік көрсеткен жандарға алғысын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі