БАЛАЛАР “RAHAT LIFE” ШИПАЖАЙЫНДА ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫ
"Жақсылықта жарысайық!" қайырымдылық шарасы аясында №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне “RAHAT LIFE” шипажайына жолдама берілді.
Алматы өкілдігіне қарасты “Зекет және қайырымдылық” қоры ҚР Президентінің Жарлығымен биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялауына орай игі шара ұйымдастырды. №1 облыстық балалар үйіндегі жасөспірм балалары Шонжы ауданында орналасқан “RAHAT LIFE” шипажайына алып барды. Бұл демалыста балалар шипалы суға түсіп, арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып, керемет көңіл күйде демалыс уақытын өткізді. Балаларға қуаныш сыйлау үшін арнайы қонақ етіп,
демеушілік көрсеткен “RAHAT LIFE” шипажайының деректоры Мақсат Мейрамбайұлы ағамызға қор атынан алғыс хат тапсырылып, кәдесый ұсынылды. Сонымен қатар балалар мен тәрбиешілер де демеушілерге өз алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді. Жақсылық жасауад жарысқан барша азаматтарға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі