#5 Отбасы мүшелері арасындағы әдеп
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

#5 Отбасы мүшелері арасындағы әдеп

| A | +

Егер отбасы мүшелерінің бірі өз бөлмесінде отырса, ол жерге кірерде рұқсат сұрап кіріңіз. Сонда жақыныңызды ыңғайсыз жағдайда қалдырмайсыз. Туыс-жаран болсын, алыс адам болсын немесе ата-анаң, ұл-қыздарың, ұлдарың болсын, оларға рұқсат сұрап кіріңіз.

 

روى الإمام مالك في "الموطأ" عَنْ عَطَاءِ بْنِ يَسَارٍ مُرْسَلاً: "أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سَأَلَهُ رَجُلٌ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَسْتَأْذِنُ عَلَى أُمِّي؟ فَقَالَ: نَعَمْ. قَالَ الرَّجُلُ: إِنِّي مَعَهَا فِي الْبَيْتِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اسْتَأْذِنْ عَلَيْهَا. فَقَالَ الرَّجُلُ: إِنِّي خَادِمُهَا. فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اسْتَأْذِنْ عَلَيْهَا، أَتُحِبُّ أَنْ تَرَاهَا عُرْيَانَةً؟! قَالَ: لَا. قَالَ: فَاسْتَأْذِنْ عَلَيْهَا".

 

«Бір кісі Алла елшісінен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Анамның алдына кірерде де рұқсат сұраймын ба?» – деп сұрады. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Иә», – деді. Әлгі кісі: «Мен анаммен бір үйде тұрамын», – деді. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Бәрібір, рұқсат сұрап кір», – деді. Әлгі кісі: «Мен анамның қызметіндемін ғой», – дегенде, Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қалай болса да, рұқсат сұрап кір. Сен анаңды киімсіз көруді қалайсың ба?!» – деді. Ол: «Жоқ», – деді. Алла елшісі: «Олай болса, оның алдына рұқсат сұрап кір», – деді» (имам Мәлик)[1].

Алқамадан: «Бір кісі Абдулла ибн Масғудқа (р.а.) келіп: «Анамның алдына кіру үшін рұқсат сұраймын ба?» – деді. Абдулла: «Анаңмен жүздескің келген әр уақытта рұқсат сұрайсың», – деді» (әл-Бұхари)[2].

Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) әйелі Зейнеп (р.а.): «Абдулла бір істі бітіріп келіп, есікке жақындағанда, бізді ыңғайсыз жағдайда қалдырмас үшін жөткірінетін», – деген» (имам Ахмад, Әбу Дәуд, Ибн Мәжаһ)[3].

Ибн Масғудтың (р.а.) әйелі Зейнептен (р.а.): «Абдулла үйге кірерде жөткірініп, дауыс шығаратын» (Ибн Мәжаһ)[4].

Муслим ибн Нузайрден: «Бір кісі Хузайфа ибн әл-Яманнан (р.а.): «Анамның алдына кіру үшін рұқсат сұраймын ба?» – деп сұрады. Хузайфа: «Әрине, анаңның алдына рұқсат сұрамай кіретін болсаң, ыңғайсыз жағдайға тап болуың мүмкін», – деді» (әл-Бұхари)[5].

Атақты сахаба Талха ибн Убайдулланың ұлы Мұса ибн Талха (р.а.) былай деді: «Әкеммен бірге анамның алдына кірмек болдық. Бірінші әкем кірді, артынша мен кіре бергенімде, әкем жалт қарап, мені кеудемнен итеріп қалды. Итергені соншалық, жерге отыра қалдым. Сонда әкем: «Рұқсат сұрамай кірмекпісің?» – деді» (әл-Бұхари)[6].

Абдулла ибн Омардың (р.а.) қызметшісі Нафиғ: «Ибн Омар балаларының бірі балиғатқа толса, оны бөлек жатқызатын. Сөйтіп, ол Ибн Омарға рұқсатсыз кірмейтін», – деген» (әл-Бұхари)[7].

Ато ибн Рабахтан: «Мен Ибн Аббастан (р.а.): «Екі қарындасымның алдына рұқсат сұрап кірейін бе?» – деп сұрадым. Ибн Аббас: «Иә», – деді. Мен сұрағымды қайталап: «Олар менің үйімде, менің қамқорлығымда ғой», – дегенімде, Ибн Аббас: «Қарындастарыңды киімсіз көруді қалайсың ба?» – деді де, мына аятты оқыды:

 

(وَإِذَا بَلَغَ الْأَطْفَالُ مِنْكُمُ الْحُلُمَ فَلْيَسْتَأْذِنُوا كَمَا اسْتَأْذَنَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ)  [النور: 59].

 

«Ержеткен балаларың бұрынғылар рұқсат сұрағандай рұқсат сұрап кірсін!» (Нұр, 59-аят). Сонан соң Ибн Аббас: «Рұқсат сұрап кіру – адамдардың бәріне уәжіп», – деді» (әл-Бұхари)[8].

Ибн Масғуд (р.а.): «Адам әкесінің, анасының, аға-інілерінің, әпке-қарындастарының алдына рұқсат сұрап кіруі керек», – деген» (әл-Бұхари)[9].

Жабир (р.а.): «Адам анасына, ол қарт болса да, туған бауырына, әпке-қарындасына, әкесіне рұқсат сұрап кіруі тиіс», – деген»  (әл-Бұхари)[10].

Бұл хадистердің көбісін имам әл-Бұхари «әл-Әдаб әл-муфрад» жинағында риуаят еткен. Ал кейбір хадистерді Хафиз Ибн Касир «Нұр» сүресінің 59-аятының тәпсірінде баяндаған.

 


[1] «Әл-Муатта», «Рұқсат сұрау» тарауы, 575-бет (57). Ато ибн Ясардан жеткен мурсал хадис.

[2] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Анадан рұқсат сұрау» тарауы, (1059).

[3] «Муснад имам Ахмад», ІІІ том, 513-бет (3615). «Сунан Әбу Дәуд», IV том, 11-12 беттер. «Сунан Ибн Мәжаһ», ІІ том, 188-бет.

[4] «Сунан Ибн Мәжаһ», «Шипагерлік» бөлімі, «Бойтұмар тағу» тарауы (3530).

[5] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Анадан рұқсат сұрау» тарауы (1060).

[6] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Әкеден рұқсат сұрау» тарауы (1061). Ибн Хажар әл-Асқалани, «Фатх әл-Бари», XI том, 17-бет (6241), (6242).

[7] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Балаларың балиғатқа толса» деген аятқа қатысты тарау (1058). 

[8] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Әпке-қарындастан рұқсат сұрау» тарауы (1063).

[9] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Аға-ініден рұқсат сұрау» тарауы (1064).

[10] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Әке мен баладан рұқсат сұрау» тарауы (1062).

 

Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Құран жайлы 40 хадис: 9-ХАДИС Құран жайлы 40 хадис: 8-ХАДИС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам әдебі #4 Үйге кіру әдебі
Үйге кірер кезде үй ішіңізге келгеніңізді білдіріңіз. Үйіңізге атүсті  немесе аңдыған адам сияқты сау етіп кіріп, олардың үрейін алмаңыз. Әбу Убайда Амр ибн Абдуллаһ ибн Масғұд (р.а.): «Әкем, яғни Абдулла ибн Масғұд үйге кірерде келгенін білдіру үшін дауысын шығарып кіретін», – деген....
Ислам әдебі #3 Сәлемдесу әдебі
Әнастан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) маған: «Уа, балақайым, үйіңе кіргенде сәлем бер. Ол өзіңе және үй ішіңе береке болып қайтады», – деген» (әт-Тирмизи)...
Ислам әдебі #2 Жұмсақ болу әдебі
Айшадан (р.а.): Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Жұмсақтық қай істе көрініс тапса, оған сән береді. Ал қандай да бір іс жұмсақтықтан жұрдай болса, ол істің сиқы кетеді», – деген. (Муслим)...
Ислам әдебі #1 Ислам әдебі
Ислам дінінде әдеп пен ізгі амалдардың түрі өте көп. Бұл әдептер мен ізгі қасиеттер адам өміріндегі кез келген іске қатысты[1]. Бұл мәселе ер адамның да, әйел адамның да өмірімен тығыз байланысты. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Анығында, әйелдер ер адамдардың біртуғаны», –...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:43

Екінтіге дейін 00:02

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi