АЛЛА ЖОЛЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

АЛЛА ЖОЛЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ

| A | +

Жеке тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуында достықтың әсері өте үлкен. Адам баласы досының бойындағы қасиеттерді өз бойына да сіңіреді. Кез-келген адам қоғамда өмір сүретін болғандықтан айналасында достары мен қимас жандары болатыны табиғи жағдай. Досы жаман адамның мінезі де, өзі де бұзыла бастайды. Уақыт өте келе өзі сезбеген күйде досының мінез-құлқын бойына сіңіріп отырады. Нәтижесінде қимас досымен бірге құрдымға кеткенін байқамай да қалады.

Ал таңдаған достары игі жақсы, иманды, тақуа, Алланы таныған, тура жолдағы жандар болса өзі де солармен бірге күн санап жоғары қарай өрлей береді. Бойына жақсы адамдардың ізгі қасиеттері, имандылығы, игі сипаттары және иләһи танымдары дари бастайды. Осылайша, ол сүйкімсіз мінездерден де, нәпсінің жетегінде кетуден де құтылады. Міне, сондықтан да кез-келген адам айналасындағы достары арқылы танылады.

Сахабалар (Алла оларға разы болсын) надандық дәуірінің қараңғылығында жүрген кезінде Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сұхбаттас болып, достасу арқылы биік белестерді бағындыра алды. Ал олардан кейін келген табиғиндер сол сахабалармен сұхбаттас болып, достасу арқылы ұлы абыройға кенелді.

 Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығы қиямет күніне дейінгі бүкіл дәуірлерді қамтитын болғандықтан, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мирасқорлары да бар. Олар – пайғамбарынан білім мен көркем-мінезді және имандылық пен тақуалықты үйренген және Алла Тағаланы таныған ғұламалар. Олар – Алла Тағала жолына шақырған  Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ізін басқан ізбасарлары. Олардың қасында жүрудің өзі жүректерді нұрға бөлейді. Олардың соңынан ергендер Ислам дінінің насихатшылары саналады. Сахабаларға бір қарыс жақындаған адамның өзі Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) байланысы бар адам саналады.

Сахабалардан білім нәрімен сусындаған адам пайғамбарлықтың бұлағынан нәр алғандай болады. Мұндай ізбасарлар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгісін өміріне өнеге еткен, діннің нағыз насихаттаушысы болып саналады. Міне, осындай қасиеттерді бойына сіңірген ізгі адамдар туралы   Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі былай деген: «Үмбетімнің ішінде үнемі шындықтан айнымайтын әрі қияметке дейін оларға дұшпандары қиянат жасай алмайтын бір топ болады».

Қанша уақыт өтсе де олардың жан-жағына тигізетін жақсы әсері жер бетінің барлық жерінде үздіксіз жалғасады. Тура жолға бастаушы сол мирасқорлармен сұхбаттасу – жан дүниеңнің шипасы. Олармен достасу – нәпсінің дертін түзетудің, мінез-құлықты көркем етудің, жүректерге сенім ұялатып, иманды күшейтудің іс жүзіндегі ең тиімді амалы.

Алла жолында дос болудың маңызы жайлы қасиетті кітабымыз Құранда былай делінген: «Әй, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар және де шыншылдармен бірге болыңдар» («Тәубе» сүресі, 119-аят). Шыншылдар дегеніміз – мүміндердің арасындағы таңдаулы жандар. Алла Тағала олар туралы былай деген: «Мүміндердің арасында Аллаға берген уәделерін шындыққа шығарған нағыз ерлер бар» («Әхзаб» сүресі, 23-аят).

Тағы бір аятта: «Бір Алланың ғана разылығын қалап, Раббыларына ертелі-кеш дұға жасап, жалбарынатын мүміндермен бірге болуда барынша сабырлы болып табандылық таныт. Қу тіршіліктің сән-салтанатына аңсарың ауып, әлгі адамдардан көз жазып қалма. Бізді еске алмайтындай етіп өзіміз қаперсіз еткен, нәпсісінің қалауына ерген әрі бүкіл ісі шектен шыққан әлдекімге ерме» («Кәхф» сүресі сүресі, 28-аят) делінген. Бұл аят үмбетіне білім үйретіп, тура жолға нұсқауға бұйырылған Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қаратыла айтылуда.

Мына аяттар баршамызды бей-жай қалдырмас деп ойлаймын: «Маған құштар адамдардың жолына түс» («Лұқман» сүресі, 15-аят). «Сол күні залым: «Әттең, дүниеде әлгі пайғамбармен бірге бір жолға түскенімде ғой! Қап, әттеген-ай, өзіме де обал жоқ! Пәленшені дос тұтпай-ақ қойсамшы! Маған жеткен тағылым-насихатқа толы Құраннан мені алыстатып, адастырған сол» деп ах ұрып, бармағын шайнайды. Расында шайтан адам баласы үшін опасыз болады» («Фұрқан» сүресі, 27-29-аяттар).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла жолында жақсы дос таңдаудың маңызы жайлы былай деген: «Жақсы дос пен жаман достың мысалы әтір сатушы мен от үрлеушінің мысалындай. Әтір сатушыға келер болсақ, не ол саған сыйлық жасайды, не сен одан бір нәрсе сатып аласың, не одан шыққан кезде хош иісті сезесің. Ал от үрлеуші ұстаға келсек, ол сенің киіміңді күйдіреді немесе одан шыққан кезде сасық иісті сезесің».

Ибн Аббастан (Алла оларға разы болсын) жеткізілген риуаятта Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Достарымыздың қайсысы хайырлы?» деген сұрақ қойылды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп жауап берді: «Ондай адамды көрудің өзі саған Алланы есіңе түсіреді. Оның айтқан сөздері ізгі амалдарыңды арттыра түседі. Ал оның жасаған амалы саған ақыретті есіңе түсіреді».

Әбу Хурайрадан жеткізілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Адам қимас досының дінінде болады. Сондықтан әркім өзінің жақын досының кім екеніне қарасын».

Омар ибн Хаттабтан жеткізілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Алланың құлдарының арасында бір топ бар, олар пайғамбарлар да, шейіттер те емес, Қиямет күні Алла алдындағы дережесінің жоғары болғанына байланысты пайғамбарлар да, шейіттер де оларға қызығады» дейді. Қасындағылар: «Уа, Алланың Елшісі! Олардың кім екенін айтыңыз?» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олар араларында туыстық қатынас және бір-біріне берген дүние-мүлкі болмаса да Алланың разылығы үшін бір-бірін жақсы көргендер. Аллаға ант етемін, олардың жүзі нұр. Халық қорыққанда, ренжігенде олар қорықпайды, ренжімейді» деп, мына аятты оқыды: «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ әрі олар қайғырмайды» («Юнус» сүресі, 62-сүре).

Алла Тағала баршамызға жақсы дос таңдап, ізгілермен игі жолда өмір сүруді нәсіп еткей. Әмин!

 

 Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ,

«Омар ибн әл-Хаттаб»

мешітінің имамы

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
САНСЫЗ СЫНАҚ САҒЫҢДЫ СЫНДЫРМАСЫН! СҮННЕТКЕ АМАЛ ЕТУ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ӨЗГЕ ПИҒЫЛ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
Расында адам баласы Ұлы Алланың жаратқан маһлуқаттарының ішіндегі ең абзалы әрі көріктісі. Тіптен бойына күнә алдырмайтын періштелердің өзі, адамға Алланың әмірімен құрмет сәждесін жасаған.  Алайда, осындай құрметтегі адам нәпсінің жетегіне түсемін деп, дүниеде орны толмас өкінішке кенеліп жататыны ...
Пайым-парасат ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – АМАНАТ
Табиғат – Жаратушы Алланың адамзатқа берген ең үлкен нығметінің бірі һәм аманаты. Алла Тағала табиғатты біздің физикалық өмір сүруіміз үшін ғана емес, сонымен бірге психологиялық әл-ауқатымыз үшін де жаратты....
Пайым-парасат АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ - ӘКЕ РИЗАШЫЛЫҒЫНДА
Жауапкершілік – тұлғаның өз міндеттерін атқарудағы тиянақтылығын, шыншылдығын, әділдігін, ұстанымдылығын білдіреді. Бұл жалған дүниеде адамзатқа үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұған әрбір пенде қиямет күнінде жауап беретін болады. Осыған орай Алла Тағала адамзат баласының міндеті мен жауапкершілігін...
Пайым-парасат "АТАСЫ БӨЛЕК, АТТАН ТҮС" ДЕГЕН ТҮСІНІК ДІНІМІЗГЕ ҚАЙШЫ МА?
Ассалаумағалейкум! Көкейде көптен мазалап жүрген бір сұрақ бар еді.
Пайым-парасат Жер бетіндегі ұлттар бір мақсатқа ұйысқанда әлемде береке орнайды – Бас мүфти
Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Пайым-парасат ДІН ТАЛАСҚА МӘЖБҮР ЕМЕС
Қазақ елордасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі тарих еншісіне айналғанда, «осы бас­қосу Қазақстанға не береді?» деп ойланатын­дар бар.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 00:05

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi