БАЛА АТА-АНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

БАЛА АТА-АНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ

| A | +

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір бала (иман) болмысымен туады. Ал, ата-анасы баланы яхуди я болмаса христиан немесе отқа сиынушы етеді. Міне бұл, жануардан жануар туғаны сияқты. Төлдің құлағы кесілген күйде туғанын көрдіңдер ме?[1]», - деген. Хадисте баланың тұлғалық қалыптасуында әке-шешенің берер тәрбиесінің маңызын көрсетуде. Әке перзентінің бойынан бар жақсылықты көруді арман етеді. Сол мақсатта баланы жақсылыққа бейімдеуге тырысып бағады. Бірақ өзіміз түзу болмасақ, мұның қаншалықты тәрбиеге әсері болмақ? Құран Кәрімде: «...Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді...[2]», - деген нұсқаулық бар. Демек, бала тәрбиесі – әкенің өзі жақсылыққа бет бұруынан басталады. Өйткені, тәрбиеде әкенің тұлғалық бейнесі ерекше рөлге ие. Сонымен қатар, әр әкенің өзіндік тәрбие-тәсілі болады. Біз соның ең маңызды қырларына тоқтап өтейік:

Үлгі болу – тәрбиедегі ең маңызды тәсілдердің бірі. Жалпы баланың ересектер ішінен үлгі тұтатын тұлғасы – әкесі. Әдетте, шамамен екі жасынан бастап еліктеуді бастайды. Ал, бес-алты жасында еліктеу ең шыңына жетеді. Мұнан кейін жігіттік шағына дейін бірқалыпты сақталады. Баланың әкесіне еліктеуі, әкесіне деген сүйіспеншілігінің нышаны. Ешбір қорқудың немесе күштеудің салдары емес. Бұл бейкүнә баланың кіршіксіз көңілінен туған әкеге деген ыстық сезім. Фрейд: "Жас бала анасын әкесінен қызғанып, ішінде бір кек сақтайды" деген бір теріс ой айтқан. Бұл жансақ, қате түсінік.

Еліктеу әрі үлгі тұту арқылы бала біз ойлағаннан әлдеқайда көп дүниелерді үйренеді. Жүріс-тұрысымыз балаға зор әсер етеді. Мейлің, көрші-қолаңмен қарым-қатынасымыз болсын, мейлің жұмыстағы әріптестерімізбен сөйлесу әдісіміз болсын. Әдетте мұны байқай бермейміз. Біздің көңіл-күйіміз тұтастай баламыздың рухани бейнесіне айналады. Демек, бала бойынан көруді қалаған қасиет әуелі әкеден көрініс табуы қажет. Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті іс[3]», - деген аят бізге ой салуы керек. Алты жасар бала әке-шешесі айтып жүрген ақыл-кеңестерін өздері қаншалықты орындайтындығын ажырата алады. Сондықтан, жалаң сөз бұдан кейін балаға тәрбие бола алмайды. Мұнан кейін, әкенің сөзі мен жүріс-тұрысы үйлесуі қажет. Бір арнадан шығуы керек. Біздің иманымыз, мінез-құлығымыз және құндылықтарымыз бір жақта, ал күнделікті жүріс тұрысымыз бір жақта бөлек боп үйреспей тұрса не болмақ?! Бала тәрбиешінің сөзін құлағымен естуін естиді. Алайда, көзімен көріп тұрғаны мүлдем басқа жағдай. Ендеше, мұндай қарама-қайшылық ортада жақсы ұрпақ өсіремін деу қиынның қиыны. Табиғин Амр бин Ұтба баласын мұғалімге тапсырып жатқанда: «Баламды тәрбиелеуде ең бірінші ісің - өзіңді түзету болсын. Себебі, оның екі көзі сенің жүріс-тұрысыңда. Бала санасына сенің істеген ісіңді «жақсы іс» деп түйеді. Ал сен істемеген істі «дұрыс емес іс» деп қабылдайды», - деп кеңес берген екен.

Мейірім мен махаббат. Бұл ұғымдар тәрбиенің іргетасы. Мейірім баланы құшақтау, бетінен сүю, жұмсақ мәміле жасаумен көрініс табады. Бала нәресте шағынан бастап мейірімнің не екенін ұғынады. «Баланы жастан» деген ұғымды қаталдық тәрбиенің негізі деп асыра сілтеп жіберетіндер бар. Мейірім көрмеген баладан ертең әкесі қалайша мейірім күтпек. Бала ертең басқалармен мейірімділікті бөлісе алатындай әкесінің мейіріміне тойып өсуі қажет. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанында Ақрағ бин Хабис отырған кезде, жүгіріп келген немересі Хасанның маңдайынан сүйеді. "Менің он балам бар. Олардың ешбірін сүйіп көрмеппін", - дейді Ақрағ. Бұған Пайғамбарымыз (оған Аланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мейірімділік етпесе, мейірімділік көрмейді[4]», - деген екен. Әнас бин Малик (р.а.): «Бала-шағасына пайғамбарымыздан мейірімді адамды көрмедім», - дейді. Жалпы, әкенің балаға деген мейірімі табиғатында бар қасиеті. Балаға мейірім көрсету әкеге ешбір қиындығы жоқ. Ал, енді әке жүрегінде мейірімі жоғалса, ең бақытсыз адам болғаны. Әкесінен қаталдық сезген бала, әкесіне қасақана осындай мәміле көрсетеді.

Әбу Ләйлә риуаяты: «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанында едім. Тізесінде Хасан ба, Хусейн бе отырған. Отырған күйі бала кіші дәретін жіберді. Жолақ болып ағып жатқанын көрдім. Мен баланы (Хасанды) алмақ боп ұмтылдым. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Балама тиіспеңдер, дәретін бітірмейінше шошытпаңдар», - деді де артынан су құйып жіберді[5]», - дейді.  

Әкелік әділдік. Балаларына тең қарап, олардың арасында әділ мәміле жасауы қажет. Барлық баласына тең қарау бауырлар арасында бір-бірін жеккөру және қызғаныш сезімінің алдын алады. Өйтпеген жағдайда, әкесіне де кектенуі ықтимал. Хадисте: «Ақиқатында, Алла Тағала өз араларыңда ынсапты болуларыңды талап еткендей балаларыңның арасында да әділ болуларыңды қалайды[6]», - деп айтылған. Баланың кектену және қызғануына әсер етуші фактор ретінде зерттеушілер бауырлардың бірін екіншісінен артық жақсы көру екенін бірауыздан айтқан. Сонымен бірге, балалардың көзінше немесе естіртіп бірін-бірімен салыстыру. Әке барлық баласына тең қарауы тиіс. Бұл дегеніңіз, тіл алғыш баласын бұзығынан артық жақсы көрмеу. Кенжесін үлкенінен артық еркелетпеу деген сияқты. Мұның барлығын бала сезеді, аңғарады. Әке осындай қателік жіберсе, дер кезінде жағдайды түзетуге тырысуы қажет. Әйтпесе, «жәбір» көрген баласы бауырларына деген ашу-ызамен өседі. Бала қажетінше ала алмаған мейірімнің есесін бауырларынан қайтару ойымен есейеді.

Баланы серік ету. Бала сегіз жасынан бастап әкесімен бірге отырып, әңгімеге араласуды қалайды. Әкесінің сөз саптауын, көптің ішінде өзін ұстау мәнерін көріп, үлгі еткісі келеді. Осы кезеңді әке дұрыс пайдалануы қажет. Баланы мүмкіндік туған жағдайда өзімен бірге алып жүру. Бұл бала үшін баға жетпес тәрбие көзі. Әкесінің жанында жүріп немесе үйге қонақтар келгенде дастарқан басында меймандарға қызмет ету арқылы көпті үйренеді. Әрине, үнемі баланы бірге ертіп жүру мүмкін емес. Десе де, жұмасына бір күн саябаққа немесе жиындарға жанына ерткені жөн. Сонымен бірге, кеші дастарқан басында бір мезгіл әңгіме-дүкен құру жақсы әсер етеді.

Даналықпен бағыт беру. Жеңілдету әрі оңайластыру шариғаттың ұстанымы. Балаға шаруа үйретуде таптырмас тәсіл. Хадисте: «Дұрыс бағытқа салыңдар, жақындата түсіңдер. Таңертең және кешке әрекет етіңдер және түннің бір уақытында (бас салып, өзін қинай бермей тіршілік пен құлшылыққа тиімді уақытта әрекет ету меңзелуде). Орташа әрекет етіп мақсатқа жетесіңдер[7]», - деген. Тағы бір хадисте: «Кінәмшілдер құрдымға кетті[8]», - деген. Бұл риуаяттағы "кінәмшіл" – сөзінде және ісінде шектен шығуды, тым назшыл, өте кірпияз адам. Ибн Ражаб Ханбали: "Алла Тағалаға ең ұнамды іс дұрыс бағыттағы, орта деңгейдегі, оңайластырылғаны және ешбір қиындату және ауырлату болмағаны», - дейді. Міне, бұл құлшылықпен қатар тіршілікте де қажетті талап. Тәрбиеде жұмсақтық пен оңайталу әдісін әлдеқайда көбірек қолданған жөн.

Әр нәрсенің мөлшерін білу маңызды. Тым шектен шығу зиян. Сол сияқты немқұрайлық та сол деңгейде зиян. Тәрбиеде әр нәрсенің орта тұсын таба білу керек. Әке насихаты жалықтырып жіберетіндей тым ұзақ болса, пайдасынан гөрі зияны көбірек болмақ. Сол сияқты баланы жазалаудың да орта нүктесін таба білу керек. Өйткені, жазаның мақсаты – баланы тәрбиелеу, қорқақ ету емес. Сондықтан, баланың кейбір бұзықтығын байқамағансу да дұрыс. Имам Ғазали (р.а.): «Баланы кез-келген нәрсе үшін жазғыра берме. Көп сөгіс еститін балаға әдепсіз іс түкке тұрғысыз болып қалады. Нәтижесінде балаға сөздің түк те әсері болмай қалады. Әке сөзінің салмағы сақталсын. Тек ара-кідік ескерту айтылсын»,-деген екен. Демек, баланың әрбір «тентектігіне» «қой» деп айта берудің пайдасы жоқ. Бұл әке сөзінің қадірін кетіреді. Баланы жөнге салам деген әке, жазғырудан аулақ болғаны жөн. Ескерту жасау әдептілік шеңберінен шықпауы керек. Бала әкенің мейірімін сезінсін. Әр кез еркелеп, қала берсе әзілдесіп ойнай алатынын біліп тұруы қажет. Сонымен бірге, әкесіне деген сый-құрметін де сезінсін. Демек, әке бойында – мейірім мен махаббат, айбын мен батылдық бір-бірін толықтырып тұруы керек.

Әке батасы. Перзенттің ізгі болуында әке батасының орны бөлек. Дұға – мұсылманның қаруы. Дұға – пенденің Раббысынан ең қажетті тілегін сұрауы. Хадисте: «Үш кісінің тілегі қабыл болады, онда ешбір шүбә жоқ. Жәбір көрген кісінің дұғасы. Жолаушының дұғасы. Әкенің баласына берген батасы[9]», - деген екен. Құран Кәрімде: «Кезінде Ибраһим: "Уа, Раббым! Мына елді (Меккені) бейбіт те қауіпсіз мекен еткейсің! Мені де, бала-шағамды да пұттарға табынудан аулақ қылғайсың!", - деп дұға етті[10]», - деген аят бар. Бұл Ибраһим пайғамбардың ұрпағына берген батасы. Закария пайғамбар (ғ.с.) ұрпақ тілеп: «Уа, Раббым! Маған Өз тарапыңнан пәк әрі қайырлы ұрпақ нәсіп ете гөр! Шүбәсіз, Сен дұғалардың барлығын Естушісің[11]», - деп мінәжат еткен.

Табиғин Ибн Мубаракқа біреу баласын алып келіп: "Мынау тілімді алмайды. Айтқанымды істемейді", - дейді. Сонда ғұлама: "Балаға теріс бата берген (оңбаған, бәтуасыз, жарымағыр деген сияқты айтқан) кезің болды ма?", - деп сұрайды. Кісі: "иә, болды",-дейді. Сонда Ибн Мүбарак: "Баланы өзің бұзған екенсің", - деген екен. Міне, осы төрт тәсіл тәрбиеде сізге көмекші болсын. Айтпақшы, әкеге деп айтылған кеңестер аналарға да тиісті екенін ұмытпаңыз.

 

 

 

[1] Бұхари, Муслим

[2] Рағд сүресі, 11-аят

[3] Саф сүресі, 2-3 аяттар

[4] Тирмизи

[5] Һайсами, Мажмағ Зауаид

[6] Дарақұтни

[7] Бұхари

[8] Муслим

[9] Ибн Мажа

[10] Ибрахим сүресі, 35-аят

[11] Әли Имран сүресі, 38-аят

Авторы Руслан Қамбар

Дінтанушы, Қалқаман-2 мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИСТИХАРА НАМАЗЫ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ? БАЙЛЫҚ БАЙЛЫҚ ЕМЕС, БІРЛІК БАЙЛЫҚ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы БАУЫРЫҢ ҚАТЕЛЕССЕ, КЕШІРЕ БІЛ...
Бауырмалдық – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне берген ұлы нығметінің бірі. Шынайы бауырмалдық – ықыласты, тақуа пенделерге Алла тарапынан берілетін сый. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Ол (Алла) мүміндердің жүректерін қосты. Жер жүзінің байлығын түгелдей жұмсасаң да, олардың жүректерін дәл осылай ...
Исламдағы отбасы ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ НӘЗІК ТҰСТАРЫ
Жарқын болашақтың негізі кім екенін білесіз бе? Әрине,  ол саналы, салиқалы ұрпақ.  Ал ондай ұрпақтың бастамасы  кім екенін білесіз бе?  Ол - әйел. 
Исламдағы отбасы ЖӘННАТ - АНАНЫҢ АЯҒЫНЫҢ АСТЫНДА
Жуырда мешітке бір 82 жастағы әже келді. Ата-бабаларына құран хатым шығартқысы келіпті. Құран хатым түсіріп бердік. Бағыштадық. Қабыл болсын.
Исламдағы отбасы ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ
 Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты....
Исламдағы отбасы ИМАНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ
«Иманым – жиғаным» деп түсінген қазақ халқы ұл мен қызының тәрбиесіне аса мән беріп, олардың бойына имандылыққа негізделген құндылықтарды сіңіруге тырысқан. Халқымыз бала тәрбиесінде «Үлкеннің жолын кеспе!», «Үлкенге құрмет көрсет!», «Үлкендердің сөзін бөлме!» деп тәрбиелеген. Осы тәрбиенің нәтижесі...
Исламдағы отбасы ТӘРБИЕ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Перзент – Алланың пендеге берген ғажайып сыйы. Әке мен бала арасында мейірім және перзенттік парыз деген тылсым байланыс бар. Әке разы, Құдай разы демекші шариғат адамға әке-шешесіне қызмет етіп батасын алуды бұйырады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi