БАЛА ЕСІМІ - ӘКЕНІҢ БЕРГЕН БАТАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

БАЛА ЕСІМІ - ӘКЕНІҢ БЕРГЕН БАТАСЫ

| A | +

Бір кісі баласын жетектеп халифаға алып келеді. Айтқанымды істемейді деп тілазар баласына шағымданады. Халифа Омар әлгі балаға әкесін наразы етуіне болмайтындығын айтады. Сонда бала: "Уа, мұсылмандар әміршісі! Баланың да әкеден сұрайтын ақысы бар ма?", - дейді. "Иә, бар". Сонда, бала: "Уа, мұсылмандар әміршісі! Қандай құқығы бар?", - деп сұрайды. Хазрет Омар (р.а.): "Анасын таңдауы. Жақсы есім қоюы. Құран үйретуі", - дейді. Мұқият тыңдап тұрған бала: "Уа, мұсылмандар әміршісі! Мұның ешбірін әкем маған бермеді. Анам пұтқа табынатын кісінің күңі болған. Маған – Жағран (қоңыз) деген ат қойған. Осы күнге дейін Құраннан бірде-бір аят үйретпеді", - дейді. Сонда халифа Омар (р.а.) баланың әкесіне бұрылып: "Балам тіл алмайды деп шағымданасың. Алайда, балаңнан әуел өзің әкелік міндетіңді орындамаған екенсің. Бала саған жамандық істемес бұрын сен жамандық етіпсің", - деген екен.

Ғалымдар, Алла Тағала перзенттен әке-шешесі ақысын сұрамас бұрын әке-шешеден перзент алдындағы міндеті сұралады. Өйткені, баланың әке-шеше алдындағы перзенттік парызы болғаны сияқты ата-ананың да баласы алдында әкелік міндеті бар дейді. Ибн Аббас (р.а.) риуаяты: "Уа, Алла елшісі! Әке алдындағы перзенттік парызымызды танып білдік. Перзентімізге қатысты біздің қандай да бір міндетіміз бар ма?", - деп сұрайды. Әз-пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Балаға жақсы есім қою және жақсы тәрбие беру[1]", - деген екен. Адамның аты бойтұмары тәрізді. Баланың есімі – әкенің берген алғашқы батасы іспетті. Адам баласының аты өмір бойы ажырамас серігі. Ертеңгі күні Хақ құзырында да осы есімімен тұрады. Әрі есім адамның өмірлік ұстанымын, рухани болмысын аңғартатын ұғым тәрізді. 

Сағид бин Мұсайяб (р.а.) өз отбасына қатысты мынадай дерекпен бөліседі: Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) менің әкемнен: "Аты-жөнің кім?", - деп сұрады. Атым – Хазн (қайғы, мұң), деді әкем. Сонда пайғамбарымыз (оған Аланың салауаты мен сәлемі болсын): "Сен – Сәһл (Жеңілдік, жақсылық) бол", - дейді. Әкем:  "Қойған атымды өзгертпеймін", - деп тұрып алды. Осылайша әкем атын өзгертпеді. Біздің шаңырақтан да қайғы-мұң кетпей қойды[2]", - деген екен. Айша анамыз (р.а.) Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жағымсыз есімдерді өзгертуші еді[3] деп еске алады. 

Баланың өміріне зияны тиетін, басқа тұрмақ жора-жолдасы күлкі-мазақ ететіндей есім қою балаға қиянат емес пе? Ер балаға күш-қуатты, азаматтықты білдіретін есімдер жарасады. Ал, қыз баласына әсемдік пен нәзіктік, сұлулық пен көркемдікті сездіретін есімдер таңдаған құба-құп. Хадисте: "Жақсы бала жәннаттың райхан гүлдерінің бірі[4]", - дейді.

Түйіндей айтқанда, аты-жөннің балаға психологиялық тұрғыдан белгілі дәрежеде ықпалы бар. Жақсы есім баланы жігерлендірсе, жағымсыз есім баланың еңсесін түсіреді. Хадисте: «Кімнің баласы туса, оған жақсы есім қойсын және жақсы тәрбие берсін», - деген. Хазрет Әли бірнеше рет баласына Харб (соғыс) деп ат қоймақшы болған екен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хасан, Хусейн және Мухсин деп өзгерткен. Сондай-ақ, Ас (күнәхар) есімді кісіні Мутиғ (бойұсынушы), Ғұраб (жат жерлік) деген есімді Муслим деп өзгерткені тарихта бар. Сонымен қатар, көркем есімдер қатарында: "Пайғамбарлардың есімін қойыңдар...[5]", - деген. Кешегі қазақ арыстарының есімдері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып (Мұхаммед Яқұб) Дұлат, Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бұлардың барлығы пайғамбарлардың есімі. Ал, енді мән-мағынасы терең Бауыржан, Бақытжан, Ербол, Нұржан, Досбол, Батыр сынды есімдер де балаға әке-шешесінің тілегі іспетті.

[1] Байһақи

[2] Әбу Дауд, Ибн Хиббан

[3] Тирмизи

[4] Дайлами

[5] Әбу Дауд

Авторы Руслан Қамбар

Дінтанушы, Қалқаман-2 мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТЕЛЕПАТИЯ ТУРАЛЫ ДІНІМІЗ НЕ ДЕЙДІ? ҚҰРАНДА ЕМІЗУ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ҚҰРАНДА ЕМІЗУ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЙДІ?
Расында адам баласының бойына дарыған адами құндылықтар, асыл ананың омырауынан даритыны айдан анық жайт. Ұлын дәретсіз емізбеген Зередей асыл анадан Құнанбай туылды. Асылдан асыл туып Абай хакім атанды. Міне бұл көрініс Зере әжеміздің ислам құндылықтарының тазалық рәсімін бұлдыртпай орындаған тұста...
Пайым-парасат ӨЗГЕРІС ОЙДАН БАСТАЛАДЫ
«Сенің әлпетіңді есте сақтап қалғым келеді, о дүниеде жолықтыра қалсам, сені танып, тағы да алғыс айтқым келеді». Бірде радиожүргізуші нигериялық миллиардер Феми Отедолаға сұрақ қояды. «Мырза, өміріңіздегі ең бақытты сәтті еске түсіре аласыз ба?»...
Пайым-парасат ПОСТҚҰМАРЛАРҒА 7 КЕҢЕС
Бүгінде бүкіл әлем бір үлкен ауылдай. Таңертең теңіздің арғы жағында болған жайт сәскеге дейін ғаламтор арқылы түгел әлемге тарап бітеді. Бастапқыда тез ақпарат алысу құралы болған әлеуметтік желі бүгінде ойын-сауық пен уақыт өткізудің ең көп қолданылатын түрінің бірегейі екенінде дау жоқ. Қала берс...
Пайым-парасат АДАМ ҒИБАДАТШЫЛ БОЛМАСА ДА…
«Адам әдебімен көрікті» демекші, пенде көркем мінезді, әдепті болуы міндетті. Анас ибн Мәлік (р.а.):«Әлбетте, адам ғибадатшыл болмаса да,  көркем мінезімен жәннәтта биік дәрежеге жетеді. Сондай-ақ, пенде ғибадатшыл болса да, жаман мінезінің кесірінен жәһәннамның отына түседі», – деп түсіндіреді....
Пайым-парасат ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген уақытта біздің алдымызға қойылған негізгі талаптардың бірі – білікті кадрлар мен озық үлгідегі түрлі сала мамандарын даярлау мәселесі тұрды. Мұның ішінде дін саласы да бар. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 00:30

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi