БАТАМЕН ЕР КӨГЕРЕДІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

БАТАМЕН ЕР КӨГЕРЕДІ

| A | +

Қазақтың бата беру дәстүрі - ғасырлардан үзілмей жеткен, шариғатқа қайшы келмейтін, ізгі ниет пен жақсылықты насихаттайтын көркем де игі ұлағат. Исламмен біте қайнасқан қазақ салтында пайғамбар сүннетіндегі дұға ету әдебі бата беру үрдісімен астасқан.  Салтымыздағы бұл тәлім тәрбиеге толы бата беру дәстүрі өзгеге жақсылық қалау, өзінен кішіге көркем өнеге көрсету, жанашырлық таныту секілді абзал қасиеттерді қамтиды. 

Халқымыз сөздің құдіретін таныған, тілдің қасиетін бағалаған, ізгі ниеттің орнын білген халық. Сондықтан да «жақсы сөз жарым ырыс»  деп, жақсылық пен татулықты көксеп, бірлік пен ынтымақты дәріптеп, ақсақалдарымыз жасы кішілерге бата берген. 

«Баталы ұлға бақ қонар» деп, әжелеріміз немерелерін жетектеп алып барып, аузы дуалы, көпті көрген қариялардан бата сұраған. Бұған мысал тарихымызда да жетерлік. Зере әжеміздің Құнанбайды ертіп апарып, Кеңгірбай биден ұлына бата алуы, Төле бидің жас кезінде 90 жастағы Жетес биден, 100 жастағы Әнет бабадан бата алғаны, Сырым батырдың бала кезінде Малайсары биден бата алуы,  Әйтеке биге 5-6 жас шамасында кіші жүздің атақты данагөйі Қосуақ бидің бата бергені, осы секілді мысалдарды төл тарихымыздан көптеп табуға болады.

Тәрбиенің бастауы болған бата сөзінде жас баланың санасы мен жүрегіне жігер мен рух құятын күш жатады. Қорғасындай қастерлі сөздер жас баланың өміріне оң әсерін тигізіп, жақсылыққа сендіріп, жанына кір жуытпайтын жалынды ұрпақтың өсуіне септігін тигізген.

   Қазақ халқы мұсылман адам өзіне тілегенді өзгеге тілемейінше толық мұсылман болмайтынын, бауырына жасаған әрбір дұғада періште де «саған да солай болсын» деп тұратындығы туралы пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадистердің мәнін жете түсінген. Дінімізде Алла Тағала мен құлының арасындағы байланыстың дұға арқылы орнайтындығы, мұсылманның қаруы, ғибадаттың негізі, діннің тірегі дұға ету екені белгілі.  Бата беру де - дұға ету деген сөз.

Қазақта бата түрлері көп. Мазмұнға бай, ішкі иірімі терең, сөздері мірдің оғындай баталар ауыз әдебиетінің жауһары іспеттес. Бабалардан жеткен асыл мұраның негізінде пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті жатқандығы анық.  Біз пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салмақты ой мен салиқалы амалдарға жеткізетін істерінде оның жасаған дұғаларын білеміз. Адамзаттың асылы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үнемі дұға жасап, басына қиын қыстау күн туса да, жорыққа шығар алдында да әскерін рухтандырып, Алладан көмек сұрап, қолын жайып дұғасын жасайтын болған.

Қазақтың да әрбір үлкен істі бастарда немесе сапарға шығарда айтатын арнайы бата үлгілері бар. Елдің ұлағатты қариясы көпшілік алдына шығып, көкке қолын жайып батасын беріп, оң нәтиже тілеп, болар істің жақсылығын сұрайтын болған. Есігінен қонағы үзілмейтін меймандос халқымыз бейсауыт жүрген адамды қонақ қылса, оны  құдайы қонақ деп ас соңында бата сұраған. Бұл да халқымыздың жолаушының дұғасы қабыл болатындығын білгендігін көрсетеді. 

Ахмет Байтұрсынұлы өзінің 1926 жылы жазған  «Әдебиет танытқыш» деп аталатын ғылыми еңбегінде бата туралы былай деп жазған. «Бата біреуге алғыс білдіргенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батаны үлкендер – басы бар табақты тартуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады» . Ахмет Байтұрсынұлы жазғандай қазақ ғұрпында тамақтанып болған соң дастархан батасын жасау үрдісі бар. «Бірлік берсін басыңа, береке берсін асыңа, дастарханың бай болсын, қазан ошағың май болсын, төрт түлігің сай болсын, көңілің толып жай болсын, бергеннен Алла танбасын, көбейе берсін мал басың, өсе берсін жан басың» деп келетін мұндай бата үлгілерінің бірнеше нұсқаларын халық ауыз әдебиетінің мол қоржынынан кездестіруге болады. Бата сөздеріне мән берсек, олардың ұйқасты, мәнерлі, нақышты тіпті ырғақты келетінін байқаймыз. Пайғамбарымыздан жеткен дұғалардың араб тіліндегі нұсқалары да өрнекті, төгілген шешен тілден тұрады.  Қазақтың батасы да тыңдаушысын селт еткізіп, жанына жарық сәуле құятындай, адам санасына жақсылықтың дәнін егетіндей өрнекті сөздерден құралады. 

Алладан берілетін ең үлкен сый – амандық. Амандық пен есендіктің қадірін халқымыз жете сезіне білген. Тіпті әрбір бата сөзінде «жаның аман болсын», «басың аман болсын», «әуелі құдай есен ет», «мал бастарын аман ет» , «берейін бата асыңа, амандық берсін басыңа», «Әуелі Құдай оңдасын» т.б. деп келетін бата жолдары бар.  Ақ жаулықты аналарымыз бен әжелеріміз жақынын алыс жолға шығарып салғанда, жаугершілік заманда жары мен баласын аттандырып салғанда аналық ақ батасын беріп, Алладан үздіксіз дұға ететін болған. Ертеде бір сахаба соғысқа сауыт, дулығасын кимей аттанады екен. Бір күндері жорыққа шығар алдында сауытын киіп, дулығасын тағып шығыпты. Жанындағылар оның мәнісін сұрағанда ол: «Бұрын соғысқа, шайқасқа шыққанда оқ өткізбес киімдерімді кимейтін себебім- үйде анам  менің амандығымды тілеп, күндіз түні дұға етіп отыратын еді, қазір анам жоқ, қайтыс боп кетті, мен үшін тақымын қысып, Жаратқаннан амандығымды сұрап дұға қылатын анамның жоқ болғаны үшін киінуге мәжбүрмін» деген көрінеді. Перзентіне деген ризашылығын батасы арқылы жеткізген, қос алақанын жайып, ақ батасын жаудыратын қазақтың аяулы аналары көп- ақ.

Бүгінде ел шекарасын күзеткен, кірпік ілмей қасқая қарап, көк аспанымыздан көлеңке түспеуін қадағалап тұрған сақтық ұландары үшін әрбір қазақ анасы тілегін айтып, дұғасына қосып, батасын беріп отырса нұр үстіне нұр. Әр қазақты жалғыз баласына теңеген елміз ғой. Әр қазақтың амандығы - бүтін елдің амандығы. Жас өскіннің жас ғұмыры тосыннан  қиылып түспей, жаны жамандық көрмей бақытты болашаққа қадам басуына үлкендердің бата тілегінің берер шарапаты көп.

Зерделей келгенде бата қазақ халқы үшін жай сөз емес, үлкен сеніммен айтылатын, Алладан медет тілеп, жақсы күннен үміт етіп, жамандықтан қашыртатын, естіген адамның жан дүниесін байытатын ғибратты сөздер.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бата беру үрдісі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Елдің татулығы мен берекетін көксеген, іргенің бүтіндігін, шаңырақтың биік тұруын, бірліктің бекемдігін тілейтін баталар фольклорымызда жетерлік.

Бүгінгі күнде де үлкеннен бата алу, кішіге бата беру өте өзекті. Кеудесіне даналықтың дәні егілген, көп жасаған, ақ адал өмір сүрген, ел ардақтап, қадір тұтқан ақсақалдың батасынан қапы қалмай, өнегелі ортадан табылып, абыздардың жылы лебізін естіп, батасын алып жүру - абзал іс. «Баталы құл арымас , батасыз құл жарымас» деген халық мәтелінің өзі қазақтың дүниетанымында батаның алатын орнын көрсетеді. Сонау замандардан бері сан сүзгіден өтіп, философиялық толғаммен байытылып, шариғатпен екшеленген бата беру дәстүрі ел руханиятының негізгі бағдары болып қала бермек. 

 

 

Тыныштықбай ЯХИЯҰЛЫ,

Алматы қаласы

Абдулла мешітінің бас имамы

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АДАМДЫ ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕТІН 4 НӘРСЕ ИСЛАМНЫҢ БЕС НЕГІЗІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мұсылман қорғаны САФАР АЙЫНЫҢ СЫРЫ
Сафар айы – мұсылман күнтізбесінде жылдың екінші айы саналады. Халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері бойынша, биыл 8 қыркүйек сафар айының бірінші күні деп белгіленді....
Мұсылман қорғаны Ғазиз ЖУСИПОВ. Тақуалық сипаты
Рахманның тақуа құлдары сипатталған тақуалықтың белгілері өте көп. Олардың бірнешеуіне тоқталар болсақ: Алланың шариғат еткен рәсімдерін ұлықтау, Оның жолында малын жұмсау, Алланы еске алуы тұрақты жалғасатын, Қиямет күні жауабы берілетін барлық жағымсыз істер мен сөздерден бойын аулақ ұстауы, қисық...
Мұсылман қорғаны Дәреттің қадір-қасиеті
Ислам діні барша адамзат баласын ең алдымен тазалық пен пәктікке шақырады. Жанымыз бен тәніміздің, сөзіміз бен ісіміздің тазалығы дінімізде үлкен рөл ойнайды. Жаратқан иемізге жалбарынып, құлшылық жасаудың алдында да дәрет алып тазаланамыз. Дәрет алуға, тазалануға жеңіл қарауға болмайды. Сондықтан б...
Мұсылман қорғаны Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Депрессия – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып,...
Алланы зікір ету Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз....
Мұсылман қорғаны Ғайбат сөйлеу – іштей іріп-шіру
Ғайбаттың сөздік мағынасы - біреудің сыртынан жағымсыз, жарамсақ сөз айту. Демек, бір адамның бойындағы кемшіліктердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуына «ғайбат» делінеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 04:03

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi