Білім - жүректі надандықтан құтқаратын нәр
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Таң 05:35

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Білім - жүректі надандықтан құтқаратын нәр

| A | +

«Білім Қытайда болса да алыңдар»

(Халық даналығы)

Оқу-білім – надандық қараңғылығын жойып, жарық сәуле шашатын нұр. Адамзат баласының әуелі өзін танып, кейін айналасын тануы білім арқылы іске асады. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап нәресте анасын өздігінен танып, біледі. Бұл – табиғи білім, Алланың шексіз рахымы. Өсе келе бала айналасын тани бастайды. Адам іздену арқылы күллі әлемнің тамаша жаратылыстары туралы мағлұмат алады. Ғылымның өзегінен нәр алып өскен бала өзін қоршаған шексіз әлемнің жалғыз Жаратушысын таниды. Барлық білімнің бастау алған бұлағы – Ислам діні екенін, хақ діннің діңгегі болған қасиетті кітап – Құран екені ақиқат. Әлемнің асқақ ғалымдары да нағыз сәулелі жарықтың, нағыз білімнің қайнары – Исламда, ал ғылыми ашылулардың әуелден Құранда толық келтірілгенін мойындап отыр.

Ислам – надандықты емес, ғылымды қолдайтын дін. Ғылымның ешқандай қағидасына кереғарлық танытпайды, қайшылық жасамайды. Ислам ғылымның нағыз бұлағы болып табылады. Ол адамзатқа пайдалы әрі тура жолға бастайтын ғылымды уағыздайды. Бұған Құрандағы: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» деген «Зүмәр» сүресінің 9-аяты айғақ. Пайғамбарымыз да өз хадисінде (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым іздеушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер және жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді» деп, білім ізденуші адамның биік мәртебесін атап өткен. Құран мен сүннетте көптеген аят пен хадис бізге білім алудың маңызын көрсетеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білім алуды өсиет еткен. Екі дүние салдарының: «Мен мұғалім болып жіберілдім» деген сөзі де оқу-ағарту ісінің Исламда қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, ⠀⠀ Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді,

- деп данагөй бабаларымыз тауып айтқан. Ғылым – адамзат дамуының басты қозғаушысы болса, сапалы білім мен тәлімді тәрбиеге қанып өскен ұрпақ саналы, иманды болып ер жетпек. Білім талап ету – барлық күш-қуаты мен қаржысын сарп етіп, екі дүниеге де пайдасы тиіп, білім еншілеген адам түбінде еңбегінің жемісін көрмек. Хазіреті Алидің (р.а.): «Ғылым – байлықтан қайырлы. Өйткені малды сен қорғайсың, ал ғылым болса сені қорғайды. Ғылым бағындырушы, байлық бағынушы. Байлық, берсең азаяды, білім, берсең көбейеді», - деген сөзінің астарында да терең мән жатыр. Ендеше ғылымға бас қойып қана елімізді, ұлтымызды шыңдарға сүйрей аламыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Халық қанша бай болса да, уақыт өте

келе бүкіл байлығы білімді халықтардың қолына өтеді», - деп білімдінің болашағын дөп басып болжаған-ды.

Қорытындылай келе, білім – жақсылық пен жамандықты, дұрыс пен бұрысты, ақ пен қараны ажырататын нұр дейтін болсақ, білім ізденуші ғалымдар сол жарық нұрмен айналаға сәулесін шашып, надандық қараңғысын жоятын мәртебелі жандар. Исламның оқу-білімге, ғылымға және өзін ғылымға атаған ғалымдарға деген құрметі ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің де жарқын болашағы – білімді жастардың қолында. Олай болса, жан-жақты білімді болуға ұмтылуымыз керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап айтқандай, «табыстың кілті – білімде». Қай кезеңде болсын, қай салада болсын, біз табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін естен шығармауымыз керек. Жарқын болашаққа бастар жастардың дүниеге де, ақыретке де пайдасы тиетіндей білімді болуы рухани жаңғыруымызға, руханиятты жаңартуымызға пайдасын бермек.

Алматы қаласы

«Төлеби» мешітінің ұстазы Көптілеуов Бауыржан

Предыдущий Следующий
Ғылымхал дегеніміз не? Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?
Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі. "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Бүгінгі таңда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүст...
Қоғам Имам және интернет
Интернет, оның ішінде әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан. Кеше ғаламтор ойын-сауықтың бір түрі болса, бүгінде қажеттілік деңгейіне көтерілді....
Қоғам 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы....
Қоғам Ертең Жалпыұлттық аза тұту күні
Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда...
Қоғам Қажымұқан ЕЛЖАН: Қазақша шапан – ұлттық құндылығымыз
Соңғы кездері ұлттық нақышта тігілген киімдердің сәнге айналып, оны Наурыз секілді мерекелерде ғана емес, жәй күндері, тіпті жұмысқа кию үрдісі қалыптасып келеді. Көбіне әйелдердің ою-өрнекті, көз тартар көйлектері әлеуметтік желілерде де, дүкендерде де бірден көзге түседі. Ал ер-азаматтар көбіне өз...
Қоғам Жыл бастауы дүркіреп наурыз келді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде дін мен дәстүр сабақтастығына ерекше көңіл бөлініп, аталмыш бағытты кеңінен насихаттау қарастырылғаны...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:35

Имсакқа дейін 01:18

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi